Неге әлем дұрыс емес ?
Қазіргі уақыттағы көпшілігіміздің тіршілігіміз, күнделікті бітпейтін күрес пен өмір сүруге деген арпалыстан тұрады. Табиғаттың өзінде тек ең мықтылар ғана аман қалатын секілді. Бірақ , мен қозғайын деп жатқан мәселе ол емес. Адам санасы және капитализмнің қатысы жайлы айтып өткім келеді. Бала кезден ата – ананың айтуы, кейін үлкен мықты азамат болғың келсе, сабағыңды жақсылап оқы дейуші еді. Әрине, мықты азамат дегенде алдымызда қымбат костюмдегі жақсы ақша табатын адам елестейді. Бірақ, жақсы оқығанның барлығы көп ақша таба ма ? Бұл сұрақтың жауабы, нақты түрде жоқ. Қазақстандағы жас оқу бітірген мамандардың өте көп бөлігі оқу бітіргеннен кейін, ақша түгіл жұмыс таба алмай жүргені барлығымызға мәлім дүние. Ақыры, мамандықпен жұмыс табылмағаннан, басқа салаларға немесе кәсіпкерлікке көшуг…