Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Неге әлем дұрыс емес ?

Қазіргі уақыттағы көпшілігіміздің тіршілігіміз, күнделікті бітпейтін күрес пен өмір сүруге деген арпалыстан тұрады. Табиғаттың өзінде тек ең мықтылар ғана аман қалатын секілді. Бірақ , мен қозғайын деп жатқан мәселе ол емес. Адам санасы және капитализмнің қатысы жайлы айтып өткім келеді. Бала кезден ата – ананың айтуы, кейін үлкен мықты азамат болғың келсе, сабағыңды жақсылап оқы дейуші еді. Әрине, мықты азамат дегенде алдымызда қымбат костюмдегі жақсы ақша табатын адам елестейді. Бірақ, жақсы оқығанның барлығы көп ақша таба ма ? Бұл сұрақтың жауабы, нақты түрде жоқ. Қазақстандағы жас оқу бітірген мамандардың өте көп бөлігі оқу бітіргеннен кейін, ақша түгіл жұмыс таба алмай жүргені барлығымызға мәлім дүние. Ақыры, мамандықпен жұмыс табылмағаннан, басқа салаларға немесе кәсіпкерлікке көшуге мәжбүр. Бұл айналымыздағы жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінің бірінші дағдарысы. Әрине оған бірінші және басты сәбеп жемқорлық, алайда басты тұрмыс тіршілікке және адам санасына әсер ететін дүние ол капитализм. Әлемде ресурс мөлшері барлығына артығынан жетеді. Онда неге кедейлер басым ? Уақыт өте келе байлар тек байып жатыр, ал кедейлер кедейе түсуде. Ескі техникалық бұйымдар және тіпті көліктер ұзақ мерзімде қолданыста болатын. Алайда, капитализм заңдарымен ол өндірушіге зиян. Себебі, заттар уақытша болу керек және адамдар ол бұйымдарды қайта – қайта алып тұруы тиіс. Өкінішке орай, жер ресурстары шексіз емес және қолмен жасалған ысырапшылық мүлдем санаға симайды. Ал болашақта жасанды сана ( Искусственный интеллект ) дәл бүгінгі қарқынмен дами беретін болса, адамдардың басым бөлігі жұмыссыз қалады, ал капитализм жүйесі жойылуы өте ықтимал. Бірақ, қарапайым адамдарға бұл үлкен сынақ. Әрине, бұл дағдарыстың шығу жолы капитализмнен арылу, алайда адамзат санасы басқа жүйеге көне ме ?

0
0
253

Осы тақырып бойынша

Неге әлем дұрыс емес ? - Yvision.kz