Әрбір адам 2020 жылға өзіне-өзі қоюы керек 5 мақсат!
Әрине, мақсаттар жыл барысында приоритеттер мен ортаға байланысты өзгере беруі де мүмкін. Бірақ төмендегі көрсетілген мысалдар адамның барлық кезеңінде актуалды.1. ТӘРТІБІҢІЗДІ ҚОЛҒА АЛЫҢЫЗ.Сіз қандай да бір жетістікке қол жеткізгіңіз келсе, өзіңізге жауапты болуыңыз керек. Бұл жоспарларыңызға қатаң мерзімдер белгілеп, соларға сәйкесінше жұмыстану керектігін білдіреді. Мұны істеудің ең жақсы тәсілі - істеріңізді алдын-ала жоспарлау. Өзіңіздің өміріңізді ұтымды жоспарлауға көмектесу үшін арнайы әзірленген жылдық мақсаттар күнделігін қолдана аласыз.Әр айыңызды жоспарлаудан бастаңыз және барлық маңызды күндеріңіз бен мерзімдеріңізді белгілеңіз. Әр күніңіз жемісті өткенін қаласаңыз, күнделікте әр сағатыңызды жоспарлаумен айналысыңыз. Өзіңіздің алдыңызда жауапты сезінуіңіз шарт.2. АҚША ЖИНАУДЫ…