Әрбір адам 2020 жылға өзіне-өзі қоюы керек 5 мақсат!
Әрине, мақсаттар жыл барысында приоритеттер мен ортаға байланысты өзгере беруі де мүмкін. Бірақ төмендегі көрсетілген мысалдар адамның барлық кезеңінде актуалды.
1. ТӘРТІБІҢІЗДІ ҚОЛҒА АЛЫҢЫЗ.
Сіз қандай да бір жетістікке қол жеткізгіңіз келсе, өзіңізге жауапты болуыңыз керек. Бұл жоспарларыңызға қатаң мерзімдер белгілеп, соларға сәйкесінше жұмыстану керектігін білдіреді. Мұны істеудің ең жақсы тәсілі - істеріңізді алдын-ала жоспарлау. Өзіңіздің өміріңізді ұтымды жоспарлауға көмектесу үшін арнайы әзірленген жылдық мақсаттар күнделігін қолдана аласыз.
Әр айыңызды жоспарлаудан бастаңыз және барлық маңызды күндеріңіз бен мерзімдеріңізді белгілеңіз. Әр күніңіз жемісті өткенін қаласаңыз, күнделікте әр сағатыңызды жоспарлаумен айналысыңыз. Өзіңіздің алдыңызда жауапты сезінуіңіз шарт.
2. АҚША ЖИНАУДЫ БАСТАҢЫЗ.
Ақшаны сіз үшін маңызы зор нәрсеге жинауды бастаңыз. Мейлі ол пәтер болсын, көлік немесе Балиға саяхат болсын,жылдың соңында өзіңізге сыйлық ретінде бере алатындай маңызды нәрсеге ай сайын кірісіңіздің он пайызын жинап тұрсаңыз, керемет нәтижеге жете аласыз.
3. СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНЫҢЫЗ.
Сіздің қазірдің өзінде денсаулыңыз мықты болуы мүмкін, бірақ неге соны жақсартпасқа? Қазір дене бітіміңіз өзіңізге ұнап тұрғаны келесі жылы да солай болады дегенін білдірмейді. Аптасына үш рет спортқа уақыт бөліңіз, немесе күніне он мың қадам жасап тұрыңыз. Бұл өзіңізге деген махаббатыңызды білдіру болып табылады.
4.КӨБІРЕК КІТАП ОҚЫҢЫЗ
Үздіксіз дамып отыру үшін адамға көбірек кітап оқу керек. Тек бір жанрмен шектелмей, өмірбаяндарды, тарихи көркем әдебиеттерді, ғылыми журналдарды оқыңыз. Жаңа пікірлер алыңыз, сіз ұнатпайтын адамның орнына өзіңізді қойып көріңіз. Бұл басқаларға деген жанашырлықты және сөйлесу дағдыларын жақсартудың жақсы тәсілі.
5. ЖЕЛІЛЕРДЕН ЖИІРЕК ШЫҒЫП ТҰРЫҢЫЗ.
Жиі офлайнға шығу детоксы адам психологиясы үшін өте маңызды. Егер қажет болса, Wi-Fi-ды өшіріңіз. Жұмыстан кейін, кешке және кейде демалыс күндері интернеттен өзіңізді детоксикациялауға мәжбүр етіңіз. Үнемі шу мен салыстырудан аптасына бірнеше түн алыстаңыз, шынайы өмірге көңіл бөлгенде өзіңізді әлдеқайда бақытты және жеңіл сезінесіз. Ойларыңыз жинақталып, шынында не қалайтыныңызды тек сол кезде ғана түсіне аласыз.
Бұндай мақсаттардың санында атай берсең шек жоқ. Ең бастысы - өзіңіздің ішкі қалауларыңызға сәйкес келетін мақсаттарды белгілеп, соларды қағаз бетінде ғана қалдырмай, үнемі орындап отыруыңыз. Өзіңіздің табысты және бақытты болуыңызды өзіңізден аса кім қалайды?
