Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби
Әбу Насыр әл-Фараби Шығыстың ұлы ойшылы, әмбебап-ғалым, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласында туған. Фараби ілкі ортағасырлық білім-ғылымның барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды, сол үшін оны көзі тірісінде-ақ Екінші ұстаз (Аристотельдің кейінгі екінші ұстаз) атады. Тәжік академигі Б. Рафуровтың мағлудаттары бойынша Фараби трактаттарының саны екі жүзге жуық деп есептеледі. Осы еңбектер дүние жүзінің көптеген тілдеріне (араб, парсы, еврей, латын ағылшын, неміс, француз, испан, орыс, қазақ өзбек, т. б.) аударылған, бізге ойшылдың 80-нен астам шығармалары жеттіФарабидің толық аты-жөні Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Үзлағ ибн Тархан әл-Фараби, аты Мұхаммед, әкесі Мұхаммед, оның әкесі Үзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды ара…