Мазмұнға өту
usergoogle106130794574359253877

Gold Press

@usergoogle106130794574359253877

Сайтта 2022 ж. 15 наурыз

Блог в котором не молчат. Самые актуальные темы Казахстана.

рейтинг

250

жазбалар

670

пікірлер

5

тіркелуші

9

жазылымдар

0

Тоқаев екі министрге сөгіс жариялады

«Бұрын енгізілген 7 қант зауытының бүгінде 4-еуі ғана жұмыс істейді. Алматы және Жамбыл облыстарында тек үштен бір бөлігі ғана жүктелген, 31 пайызы. Ауыл шаруашылығы министрлігі қызылша қантының үлесін 2026 жылға қарай 6 есеге, 7-ден 43 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отыр», - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, кейінгі төрт жылда қант қызылшасының аумағы үштен бірге азайды.

«Біз импорттық қантқа 90 пайыз тәуелдіміз, бұл жерде ЕАЭО аясындағы шешімге сілтеме жасауға болады, бірақ кез келген жағдайда бұл үкіметтің салмақты есебі. Сондықтан мен министрлер Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын», - деді Президент.

Фото алынды tengrinews.kz

0
0
249

Алматыдағы қонақүйде төрт бала уланып қалған: оқиғаның мән-жайы айтылды

Павлодар облысы Білім басқармасы мәліметінше, команда Алматыға 9 шілдеде өткен халықаралық би байқауына келген.«Ақсу қаласының «Кавказ ансамблі» Алматыға шыққан. Команда құрамында 8 бен 14 жас аралығындағы 19 бала және 6 ересек адам болды. 11 шілдеге қараған түні олар тұрған қонақүйде химиялық заттармен өңдеу жүргізілген. 13, 12, 8 және 14 жастағы төрт бала зардап шекті»,- деді Павлодар облысының білім басқармасы өкілдері.Ведомство мәліметінше, кәмелетке толмаған балаларға орташа дәрежедегі улану диагнозы қойылған.«Қазір балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Олар қажетті ем-дом алып жатыр. Бүгін тағы тексерілмек, оның қорытындысы бойынша үйге шығару туралы мәселе қаралады», - деді ведомстводағылар.Сондай-ақ, ансамбльдің 8 мүшесі мен 6 ересек адам үйлеріне қайтқаны хабарланды. Қалған 11 бала…

0
0
244

Қаржы пирамидалары қызметіне қатысты заң қабылданды

Мемлекет басшысы мынадай заңдарға қол қойды:«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы»;«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».Еске салайық, түзетулердің мақсаты - қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және оған басшылық еткені үшін жауапкершілікті күшейту. Сондай-ақ, азаматтарды қаржы пирамидасына тартуға әкеп соққан ақпаратты (жарнаманы) таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті заңнамалық тұрғыда реттеу. Заң жобасы бойынша қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.Түзетулер…

0
0
218

«Қазфосфат» зауытындағы ТЖ: кәсіпорында жоспардан тыс тексеріс басталды

Тексеріс кәсіпорындағы моногидратты сорғы істен шығып, салдарынан Таразды тұман басқаннан кейін тағайындалған.«Зертханалық құралдармен қайта жарақтанып, Polar газ анализаторын алған департамент қызметкерлері, сонынан прокуратура органдарында тіркелетін, күкірт қышқылы цехының ластаушы заттар шығарындыларының көзінде өлшеулер жүргізу үшін, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің негізінде «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар ЖШС-на жоспардан тыс тексеруге барды, алайда өлшеу кезінде цех жұмысын тоқтатып, үрлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатты, осы орайда ластаушы заттардың асып кетуі анықталған жоқ. Жоспардан тыс тексеріс барысында, штаттан тыс болған жағдайдың мән-жайын және себептерін анықтау үшін камеральдық бақылау жүргізіледі. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы ақпарат ол тіркелгеннен кейін қос…

0
0
287

Головкин Канелоның жеңілісі туралы айтты

WBA Super, IBF және IBO-дан орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альварестің жартылай ауыр салмақтағы WBA Super чемпионы ресейлік Дмитрий Биволмен жекпе-жектегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.«Барлығы өз қалпына оралады. Канело - мықты боксшы, 100 пайыз. Бивол да керемет. Ол өте мықты. Бүгінде ол өте мықты. Қазір бәрі өз қалпына келе жатқаны мені қуантады», - деді Головкин DAZN Boxing Show бағдарламасына.«Маған бір боксшының: «Ей, жігіттер, сендер бокс туралы ешнәрсе түсінбейсіңдер" деген сөзі ұнады. Бұл адамдардың бокста бәрін біліп, бәрін түсіне қоймайтынын көрсетті»,- деді Геннадий.Еске салайық, 17 қыркүйекте Головкин Канеломен үшінші рет кездеседі. Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena аренасында өтед…

0
0
334

Жамбыл облысында білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті Білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Департамент қызметкерлері «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген 171 миллион теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты - колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу», - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі шыққаннан кейін қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

0
0
240

Атырауда жасөспірім тепловоз астына түсіп қаза тапты

Колледж студенті теміржолды кесіп өтіп бара жатқан, машинист жылдамдықты азайта бастаған, бірақ үлгермеген. Жәбірленуші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Атырау станциясындағы Желілік полиция бөлімі ҚК-нің 344-бабы 2-бөлігі «Адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының немесе оны пайдаланудың қауіпсіздік қағидаларын бұзу» бойынша соталды тергеуін бастады.

Қазір іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

0
0
344

Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

«Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қабылдап, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Белгілі саясаткердің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдіремін», - деп жазды Тоқаев Instagram-да.

Еске салайық, таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ елдің батысындағы Нара қаласында көпшілік алдында сөз сөйлеп тұрған жерінде шабуылға ұшырап, ауыр жарақат алды.

Фото алынды zakon.kz

0
1
362

Қапшағайда Үндістаннан келген тағы бір студент суға батып кетті

Оқиға Қапшағай су қоймасында 7 шілдеде болған. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті, 23 жастағы Үндістан азаматы күндізгі сағат 14:50 шамасында су қоймасында батып кеткен.

«Алматыдан келген бір топ студент су қоймасы жағасында жүзіп жүрген. Кейін олар жағадан алыс жүзіп, құтқарушылардың ескертуін елемеген. Бір кезде студенттердің бірі басқалардан әрі қарай жүзіп, өз күшін есептемей батып кетті», - деді ведомство өкілдері.

Студенттің денесін облыстық ТЖД құтқарушылары тауып алып шықты.

0
0
338

Балама теміржол бағыттарын қалыптастыру қажет - Тоқаев

Оның айтуынша, өңірлердің өзара қарым-қатынасын жандандыру үшін бұл саланың маңызы зор. Дегенмен, геосаяси жағдай мен санкциялық текетірес дәстүрлі көлік-логистика желісін өзгеріске ұшыратты.Президенттің пікірінше, отандық өнімнің экспортқа қауіпсіз әрі үздіксіз шығарылуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Мемлекет басшысы еліміздің Орталық Азия аймағындағы көшбасшылығын сақтап, Қазақстанды сенімді транзиттік хаб ретінде дамыту керек екенін айтты. Осы мақсатта балама теміржол бағыттарын қалыптастыру қажет. Бұл жерде Достық – Мойынты, Бақты – Аягөз, Мақтаарал – Дарбаза жобаларын жүзеге асыру, Алматы қаласын айналып өтетін теміржол желісін салу жөнінде сөз болып отыр.Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет деп есептейді.«Қазақс…

0
0
312