Алматы облысында антисанитариялық жағдайда алкоголь өндірген адам ұсталды
Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны жеке үй аумағындағы үй-жайда антисанитариялық жағдайда қолдан алкоголь өнімдерін заңсыз дайындағаны хабарланды.
Оқиға болған жерді тексеру барысында есепке алу бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылып тәркіленді.
Аталған дерек бойынша соталды тергеу басталды.
ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.