Мазмұнға өту
usergoogle106130794574359253877

Gold Press

@usergoogle106130794574359253877

Сайтта 2022 ж. 15 наурыз

Блог в котором не молчат. Самые актуальные темы Казахстана.

рейтинг

250

жазбалар

670

пікірлер

5

тіркелуші

9

жазылымдар

0

Жамбыл облысындағы колония қызметкерлеріне шабуыл: зардап шеккендер жансақтауда жатыр

Ведомство мәліметінше, 1 тамызда сағат 8.39-да жедел жәрдем станциясына ҚАЖ департаментінің ТЖ-158/7 мекемесінен қоңырау түскен. Мекемеге екі жедел жәрдем бригадасы барған. Мекеменің медицина қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсеткен. Кейін олар облыстық ауруханаларға жеткізілген.«Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр. Олар шұғыл түрде Тараз қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оларға бірден ота жасады», - деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен екі адамның жағдайы орташа, біреуі тұрақты екенін атап өтті.Еске салайық, 1 тамызда сотталушы Жамбыл облысындағы колония әкімшілігінің қызметкерлеріне шабуыл жасаған болатын. Оқиға облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7…

0
0
258

Атырау облысында суға батып кеткен әкім табылды

Құзырлы органдар осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Ринат Жанқылыш 2021 жылғы ақпанда Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған болатын.

«Ринат Бауыржанұлы өз ісінің кәсіби маманы ретінде әріптестерінің есінде қалады. Атырау облысының әкімі, барша әріптестер Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне орай марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш суға батып кеткені хабарланған болатын. Кейінірек іздеу жұмыстарына екі сүңгуір бригада, екі катер және бір мотор қайығы жұмылдырылғаны белгілі болды.

0
0
302

Ақтөбеде жол апатынан алты адам қаза тапты

Басылым мәліметінше, жол апаты 30 шілде сағат 23:30-да Самара-Шымкент тасжолында болған. Бұл - Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңы. Honda Fit маркалы автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кеткен. Рульде Қырғызстан Республикасының азаматы отырған. Салдарынан Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан Lada Largus маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, Honda Fit автокөлігінің жолаушысы мерт болды. Honda Fit автокөлігінің жүргізушісі 30 жастағы жолаушымен бірге түрлі жарақатпен Ырғыз аудандық ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

0
0
306

«Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды» - ҚМА

Жыл басынан бері ҚМА 4 миллиард теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы дерегі бойынша 35 қылмыстық іс қозғаған.

«Бұл деректер бойынша соталды тергеу аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр. Өңірлерде шекара қызметі және мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылып, бірлескен жұмыс жоспарларына қол қойылды», - делінген хабарламада.

0
0
246

Қызын ертіп жүрген: Алматыда балалар арбасын ұрлап келген әйел ұсталды

Басылым мәліметінше, Алматыда 25 жастағы әйел бірнеше мүліктік қылмыс жасағаны үшін ұсталды. Ол тұрғын үйлердің кіреберістерінен балалар арбасы мен сәбилерге арналған велосипедтерді ұрлап жүрген.

«Бейнебақылау камераларынан әйел қызының көзінше еш қымсынбастан бірнеше рет қылмыс жасағаны анықталды. Қазір азамат А-ның бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша сегіз жағдайға қатысы бары дәлелденді», - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Полиция әйелдің осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Соталды тергеу шаралары ҚР ҚК-ның 188-бабы 2-бөлігі бойынша қаралады.

0
0
370

Субсидия саласындағы жымқыру: Қостанай облысында күдіктілер сотталды

«Кінәлілерге алты жылға коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық-жауапты және басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған. Кінәлілерге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде тағайындалды», - делінген хабарламада.

0
0
388

Алматыда тағы бір заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүріледі

«Бұған дейін Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы нысанды тексеріп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заңбұзушылық анықтады. 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз басталған. Тексеру нәтижелері бойынша «Qadam ТК» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жазылды. Нәтижесінде сот шешімі бойынша, заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Қазір шешімнің заңды күшіне енуі күтіледі», - делінген хабарламада.

0
0
356

СҚО-да Hermes Ltd қаржы пирамидасына қатысты іс тергеліп жатыр

«2019-2022 жылдар аралығында Hermes Ltd жобалары аясындағы инвестиция депозиттері бойынша қатысушыларды басқалардың жарнасы есебінен байыту негізінде халық қаражатын тарту арқылы қаржылық пирамида ұйымдастырылды. Осылайша, олар қаржы пирамидасына активтерді тартқан», - делінен хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша үш жәбірленуші танылды, олар жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық шығынға ұшыраған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

0
0
256

Рудныйдағы орталық экранда көшеде қоқыс тастағандар көрсетіледі

Рудный әкімдігі бұрын-соңды болмаған әдістерге көшкен. Билік қаланың үлкен қоқыс алаңына айналып бара жатқанын тұрғындарға осылайша жеткізбек.

Бірақ мұнымен іс бітпейді. Дәл осындай видеолар әлеуметтік желілерде, мысалы, Рудный әкімдігінің Instagram-парақшасында да жарияланған. Материалдың көптігінен жазба күн сайын шығады.

«Город» АА порталы мәліметінше, жергілікті L-Trading ЖШС айына 1000 тоннадан аса, күніне 50 тоннаға дейін қоқыс шығарады.

0
0
272

Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүріледі

Ведомство мәліметінше, бұл тұрғын үй кешені Наурызбай ауданындағы «Ақжар» шағынауданында салынып жатыр.

«Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321 бабы, 463 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап сотқа жіберілді. Талап қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енуі керек», - деді басқарма өкілдері.

0
0
264