«Мейірімді жетісу» еріктілері фронт-кеңсесінің жұмысы
Алматы облысындағы «Мейірімді жетісу» еріктілерінің фронт-кеңсесі жұмыс істеп жатқанына биыл бірінші жыл емес... Волонтерлер жылы аясында құрылған фронт-кеңсе, бүгінде өз жұмысын жандандырып, жүйелі түрде жүргізіп келеді. Ел президенті тапсырған міндетті үлкен жауапкершілікпен мойындарына алған жетісулық жас-еріктілер, биылғы жылы да ерінбей еңбек етті.Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бұл жобасы аясында 100-ден аса көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеттері таратылып, облыстың барлық аудандарында еріктілердің ұйымдастыруымен 40-қа жуық игі істер жасалды.Сонымен қатар, еріктілікті дамытудың 7 бағыты бойынша 300 мың теңгеден 7 грант ойнатылған болатын. Жеңімпаздардың жобалары түрлі әлеуметтік мәселелердің шешімін табу мақсатында…