Алматы облысындағы өкілдігіміз ресми түрде ашылды!
Біздің Алматы облысындағы өкілдігіміз ресми түрде ашылды! 👏 25 тамызда Талдықорған қаласында «Қазақстан Волонтерлер лигасы» Қоғамдық Қорының «Ашық жүрек» аймақтық жастар волонтерлер үйлестіру орталығының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты АОФ – ның төрағасы Ақболатов Еркебұлан Ешмұхамбетұлы қатысуымен өткен болатын. Ол бізді қолдап қана қоймай, әр волонтерге алдағы уақытқа сәттілік тіледі. Сондай-ақ Обл Оқушы,студент жане ҮЕҰ-мен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Рахметов Асфандияр және облыстың жастар ұйымдарының жетекшілері және тілшілер болды. Барлық қонақтар үшін біздің аймақтық директор Болатбеков Шоқан Жұмабекұлы ұйымды таныстыру мақсатында презентация өткізіп, еріктілерге арналған гранттарды жүзеге асыру жобаларын қабылдау басталғандығын жариялады!
Қатарымызға қош келесіздер, достар! Біздің мекен-жайымыз: Абылайхан көшесі 125, 4-қабат. Сіздердің әрқайсыңызды күтеміз!🤗 Бірге күштірек! "Еріктілер жүрек қалауымен, өзіне деген сеніммен және ортақ ынтымақтастық идеяларымен келетін болса онда біз бұл әлемді жақсарта аламыз деген сенім бар." _____________________ #cisc2020 #qogamgov #ashyqjúrek #VolonterJyly_kz #ГодВолонтера_kz #VolunteerYear_kz #Birgemiz #volonter2020 #JasOtan #ashyq_júrek⠀ #NurOtan #nurotanalmobl #jasotanalmobl
