Қазақстанның ауыл шаруашылығы
Тарихтың өзінде жазылғандай қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар шаруашылықтың барлық түрімен айналысқан. Осы тұста ауыл шаруашылығы адам өмірінде үлкен орын алатын саланың бірі. Ол екі үлкен саладан тұрады яғни мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығынан. Қарапайым тілмен айтқанда ауыл шаруашылығы халықты азық – түлікпен қамтамасыз етумен айналысады. Сонымен қатар, оның қатарына егіншілік шаруашылығы, балық аулау, аңшылық кіреді.Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің шешуші саласы, ол халықты тек азық-түлікпен қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай-ақ өнеркәсіптің көптеген салалары үшін аса қажетті шикізат та өндіреді. 2021 жылғы қаңтар - қазандағы Алматы қаласындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 7753,5 млн. теңге. Мал шаруашылығының өнімі 514…