Қазақстанның ауыл шаруашылығы
Тарихтың өзінде жазылғандай қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар шаруашылықтың барлық түрімен айналысқан. Осы тұста ауыл шаруашылығы адам өмірінде үлкен орын алатын саланың бірі. Ол екі үлкен саладан тұрады яғни мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығынан. Қарапайым тілмен айтқанда ауыл шаруашылығы халықты азық – түлікпен қамтамасыз етумен айналысады. Сонымен қатар, оның қатарына егіншілік шаруашылығы, балық аулау, аңшылық кіреді.
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің шешуші саласы, ол халықты тек азық-түлікпен қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай-ақ өнеркәсіптің көптеген салалары үшін аса қажетті шикізат та өндіреді. 2021 жылғы қаңтар - қазандағы Алматы қаласындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 7753,5 млн. теңге. Мал шаруашылығының өнімі 514,7 млн. теңге. Өсімдік шаруашылығының өнімі 6977,8 млн. теңге. Ауыл шаруашылығы салаларындағы қызметтер 261,1 млн. теңгені құрады.
ҚР АШМ берген деректеріне сәйкес, еліміздегі ең көп экспортталған өсімдік шаруашылығы өнімдерінің тобына бидай және меслин (өсімдік шаруашылығы өнімдері экспортының жалпы көлемінің 44,8%-ы), арпа – 14%, күнбағыс тұқымы – 7,6%, зығыр тұқымы – 7,5%, қатты бидай – 6,4%, жасымық – 2,9% жатады. Ең көп экспортталған мал шаруашылығы өнімдерінің тобына: тірі ірі қара мал – 44,6%, тірі ұсақ мүйізді мал – 15,9%, ірі қара мал еті – 4,8%, мұздатылған балық – 4,6%, қой еті – 3,6% кіреді. АӨК қайта өңделген өнімдерінің тобына ұннан басқа (қайта өңделген өнім экспортының жалпы көлемінің 30,6%), мақта талшығы – 7,7%, рапс майы – 4,8%, күнбағыс майы – 4,1%, кондитерлік өнімдер – 3,0%, балық өнімдері – 3,0%, зығыр майы – 2,4%, шоколад – 1,9%, макарон және ұн өнімдері ‒ 1,6% кіреді. Үшінші елдерге ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 12,8%-ға ($1,364 млрд-тан $1,540 млрд-қа) өсті.
Биыл 10 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша құс еті басымдыққа ие болды — 11050,91 тонна құс еті Ауғанстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан елдеріне экспортталды. Сондай-ақ, сиыр еті және қой еті Бахрейн, Ұлыбритания, Германия, Иран, ҚХР, Кувейт, Қырғызстан, Оман, БАӘ, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Франция, Чехия, Швейцария елдеріне жіберілген. Жылқы еті Австрия, Беларусь, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия т. б. тәрізді елдерге экспортталған. Ал шошқа еті Арменияға, Германия мен Ресейге бағытталды. Ал жартылай қазақстандық жартылай дайын ет өнімдерінінің (909,94 тонна) және шұжық өнімдерінің (219,89 тонна), ет консервілерінің (684,36 тонна) негізгі тұтынушылары Қырғызстан мен Ресей болды. 11173,76 тонна сүт және сүт өнімдері Ауғанстан, Қырғызстан, Моңғолия, Оман, БАӘ, Польша, Ресей, Сауд Аравиясы, Сингапур, АҚШ, Түркия, Өзбекстан елдеріне жіберілген.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі
Алдын ала алынған деректер бойынша 2020 жылы ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 689,2 млрд. теңгені, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі – 686,3 млрд. теңгені құрады; ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің нақты көлем индексі 102,6% шамасында қалыптасты, соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері – 101,1%, мал шаруашылығы өнімдері – 103,8%. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемінде мал шаруашылығы өнімдері 53,3%-ды, өсімдік шаруашылығы өнімдері 46,6%-ды құрады. Мал шаруашылығындағы өсімнің ең жоғары қарқыны жылқы өсіруде (111,2%), ірі қара мал өсіруде (106,6%); ал өсімдік шаруашылығында көкөністерді (115,0%) және күнбағыс тұқымын (104,8%) өсіруде байқалды. Дәнді және бұршақты дақылдарды және бақша дақылдарын (16,3%-дан) өсіруде өндіріс көлемінің қысқарғаны анықталды. Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің 60%-дан астамы картоп, көкөніс және майлы дақылдарды өсіру құнына келеді. Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы құнында 70%-дан астамы сиыр сүті мен сиыр етінің үлесіне келеді. Сүт өндіру көлемінің өсу қарқыны 103,9%-ды құрады.
Облыстың ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің үштен екі бөлігі 10 өңірдің шаруашылықтарымен өндірілді: олар Үржар (11,8%), Ұлан және Көкпекті (7,2%-дан), Тарбағатай (6,6%), Бородулиха (6,4%), Глубокое (6,3%), Күршім (6,0%), Шемонаиха (5,4%), Алтай (5,2%) аудандары және Семей қаласы (5,9%). Жұртшылық шаруашылықтары саладағы негізгі өндірушілер болып табылады, олармен облыстың ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің 49,6%-ы өндірілді; шаруа қожалықтарының үлесі 34,3%-ды, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесі 16,1%-ды құрады. 2020 жылы республиканың ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі облыстың үлесі 11,0%-ды құрап, Алматы (14,7%), Солтүстік Қазақстан (12,4%) және Түркістан (11,6%) облыстарынан кейінгі төртінші орынды иеленді.
Адам өміріне керек өндірістердің барлығы ауыл шаруашылығынан алынады. Ол ежелгі дәуірден бастап келе жатқан табиғат құбылыстарына тәуелді сала. Заман дамыған сайында агроөнеркәсіпте дамуда, оны дамыту бойынша неше түрлі мемлекеттік бағдарламалар да бар. Ауыл шаруашылық өңдірісі ұсақ сала болғандықтан оны дамыту әрине қиынға соғуда. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық жəне қоғамдық - саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді жəне əлі де солай. Қазақстанның əр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге жəне мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
