Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті - ғылымға бастар жол!
Ғылыми даму – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтың бірі. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының алдына қойылған мақсат - білім саласында ғылым маңыздылығын арттыру. ҚазҰУ – сапалы білім берумен қатар, іргелі ғылымды дамытуға да үлкен үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орны. Мен бакалаврды бітіргеннен кейін, ойланбастан магистратураға құжаттарымды тапсырып, тест сынағынан өттім. Конкурс нәтижесі бойынша, мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне грантқа түстім.Көптеген университеттер арасынан ҚазҰУ-ды таңдаған себебім, бұл жерде студенттер өздерін ғылыми бағытта дамытуына жағдай жасалған. Әл-Фараби даңғылы мен Темирязов көшесінің ортасында орналасқан алып қалашығы бар университеттің аумағында Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, кітапхана,…