Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті - ғылымға бастар жол!

Ғылыми даму – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтың бірі. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының алдына қойылған мақсат - білім саласында ғылым маңыздылығын арттыру. ҚазҰУ – сапалы білім берумен қатар, іргелі ғылымды дамытуға да үлкен үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орны. 

Мен бакалаврды бітіргеннен кейін, ойланбастан магистратураға құжаттарымды тапсырып, тест сынағынан өттім. Конкурс нәтижесі бойынша, мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне грантқа түстім.

Көптеген университеттер арасынан ҚазҰУ-ды таңдаған себебім, бұл жерде студенттер өздерін ғылыми бағытта дамытуына жағдай жасалған. Әл-Фараби даңғылы мен Темирязов көшесінің ортасында орналасқан алып қалашығы бар университеттің аумағында Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, кітапхана, спорт кешені, студенттер үйі, студенттерге қызмет ету орталығы, сонымен қатар, жаңа ғимараттар орналасқан. «Әл-Фараби» кітапханасы кітап қорына бай және ұлттық кітапханадан кейінгі екінші орынды алады. Мұндағы кітап саны 2 миллионнан асады, оған қоса жыл сайын 50 мыңға жуық кітаппен толығып отырады. Өзім кітапханада көп уақыт өткізетін болғандықтан, кітапхананың ыңғайлы болғанын қалап тұрамын. Бұл кітапхана ішінде студенттерге қажеттіліктердің барлығы жасалған. Компьютерлік залы, магистранттар үшін арнайы оқырман залы мен шетелдің әдеби кітаптарын оқу залы, тіпті буфет пен шағын кеңсе заттарын сататын орындарының болуы қолжетімділігінің көрінісі. Мені қызықтырған тағы бір ғимарат «Керемет» деп аталады. Бұл студенттерге қызмет көрсету орталығын қаладағы сауда орталықтарымен бірдей деңгейге қояр едім. Себебі, іздеген заттың көпшілігін осы жерден таба аласыз. Мұнда тіркеуші кеңсесі, студент кеңсесі, мобилдікті қамтамасыз ету секторы, әскери- жұмылдыру бөлімі, паспорт үстелі, бухгалтерлік есепке алу және есептік бөлімі студенттер үшін жұмыс жасайды. Сонымен қатар, студенттер бос уақыттарында және қажеттіліктері үшін супермаркет, кітап дүкені, фотостудия, тауарлар дүкені, кафе, кеңсе тауарлар дүкені, «Көмек» қоғамдық дүкені, сатушысыз «Адалдық дүкені», сән салондары орналасқан. Бұл жерден талантты студенттерді де кезіктіруге болады, кіре берісте орналасқан пианинода ойнап отырған студенттер әсем әуенмен ғимарат ішін жандандырып отырады, қызығы аспапта ойнау үшін ешнәрсе төлеудің қажеті жоқ, ол тегін. Медициналық орталық заманауи құралдармен жабдықталған, халықаралық және инновациялық технологияларға негізделген Қазақстан - Корей халықаралық диагностика орталығы ашылған.

Керемет көріністың мекеніне айналған, бұл университетте студенттерге барлық жағдай жасалған, оның қайтарымы тек біліммен, оқумен және белсенділікпен болмақ.

Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті

Жалпы тіл білімі және Еуропа тілдері кафедрасы

Шет тілі: екі шетел тілі мамандығының

1 курс магистранты Жапақова Ынтымақ

Жетекшісі: Бектемирова С. Б. Ф.ғ.к.

0
0
745

Осы тақырып бойынша

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті - ғылымға бастар жол! - Yvision.kz