Неге таргет менің бизнесіме келмейді?
Ұзақ кіріспе жасамай бірден айтайын, таргет деген сыйқырлы Палкы емес. Иә, палкы емес. Ол - құрал. Таргет қосып клиентті жинап аламыз деп көбісі ойлайды. Біріншіден, таргет деген әлеумметтік желінің бір маңызды бөлігі. Ал, әлеуметтік желі болса барлық бизнес түрінің промоушынына сай келмейді. Инстаграм арқылы цемент, шағал, азбес сатып көріңіз. Екіншіден, таргет құрал болғаннан кейін оның пайдалы болуы қолданушыға да байланысты. Пышақпен нан турауға да, адам өлтіруге де болады. Мысалды түсінген шығарсыз. Үшіншіден, таргет құралының өзі жеке алдына бір мамандықты дүниеге алып келді. Таргетологтарды. Иә, ол туралы бізді тіпті есітпеген де шығар. Сммщик бөлек, таргетолог бөлек адам. Әрине, екеуі де бір адамда бола алады. Ондай адам қымбат тұрады. Енді, таргетинг неге дұрыс жұмыс жасамайды? О…