Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Неге таргет менің бизнесіме келмейді?

Ұзақ кіріспе жасамай бірден айтайын, таргет деген сыйқырлы Палкы емес. Иә, палкы емес. Ол - құрал. Таргет қосып клиентті жинап аламыз деп көбісі ойлайды.

Біріншіден, таргет деген әлеумметтік желінің бір маңызды бөлігі. Ал, әлеуметтік желі болса барлық бизнес түрінің промоушынына сай келмейді. Инстаграм арқылы цемент, шағал, азбес сатып көріңіз.

Екіншіден, таргет құрал болғаннан кейін оның пайдалы болуы қолданушыға да байланысты. Пышақпен нан турауға да, адам өлтіруге де болады. Мысалды түсінген шығарсыз.

Үшіншіден, таргет құралының өзі жеке алдына бір мамандықты дүниеге алып келді. Таргетологтарды. Иә, ол туралы бізді тіпті есітпеген де шығар. Сммщик бөлек, таргетолог бөлек адам. Әрине, екеуі де бір адамда бола алады. Ондай адам қымбат тұрады.

Енді, таргетинг неге дұрыс жұмыс жасамайды?

Осы сұраққа жауапты клиенттің өзінің аузынан алу үшін оған былай сұрақ қоямын: Сіздің бизнесіңіздің (кез келген бизнес) басты мақсаты не? Клиент те сразу ақша табу дейді. Ол и так түсінікті ғой. Сол бизнес модель ретінде ақша табу үшін мақсаты қандай?

Иә, клиенттердің базасын құру. Тыңдап тұрсың ба, болашақ заказчик?! Клиенттердің базасын құру. Қазір таргетинг қайда жоғалып кетті дейтіндер шығады. Егер сенде клиенттер базасы бар болса, таргет саған наху да керек емес.

Мысал: сен гүлмен айналысасын. Біз Алматы қаласындамыз деп ойлайық. Алматыда 2 млн адам бар делік.

Сізге қарт адамдар мен жас балалар керек емес. Сол үшін жас аралық көрсеткіш деп 18-40 жас аралығын алайық. Шамамен олар 800 000 адам болсын. Олардың ішіндегі жартысы сіздің клиентіңіз болмауы мүмкін.

Сонымен бізде 400 000 адам қалады. Идеальный статистика бойынша негізгі трафиктің 10% сіздің қызметіңізге қызығушылық білдіреді. Олар 40 000 адам. Ал соның ішіндені 1-3% аралығындағы адамдар сіздің тұтынушыңыз болады. Ол 400-1200 адам арасы болады.

Міне, ай сайын сізге 400-1200 арасындағы клиенттер тұрақты келіп тұратын болса, онда сіздің бизнесіңіз сөнбейді.

Енді, жаңағы таргетке келсек, егер сізде жаңағы 400-1200 адамның базасы бар болса, сізге таргеттің наққа да керегі жоқ. Спец.проекттер жасап кетсеңіз, ол бөлек әңгіме енді.

Жалпы, таргет деген үлкен аудиторияға ұсыныс жасап, соның ішіндегі өзіңнің аудирорияңды, оның ішінен өзіңнің клиенттеріңді тауып алсаң, болды. Сол негізгі мақсаты.

Ал, таргет неге менің бизнесіме жұмыс жасамайды дегенге келетін болсақ, оған көп себептердің бірнешеуімен бөлісе кетейін:

1. Ең бірінші, дұрыс аудиторияның таңдалмауы. Сізге қызық емес жарнаманы өткізіп жібересіз. Ал кәсіпкер сол қаралымға ақша төлейді. Қызықпай кеткен 10 000 адам болса, онда сонша адамға көрсетілген жарнама айдалаға кетті.

2. Стандартты ұсыныс. Иә, көбісі мен мынадай жасаймын деп қойса, адамдар шауып келеді деп ойлайды. Ол қате түсінік.

Сыртқа шығыңыз. Алдыңызда 10 дүкен бар делік. Барлығында Кола 1л - 270тг деп қойса, қайсысынан барып аласыз? Иә, дұрыс, белгілі бір нақты жауап жоқ. Әр адам әртүрлі себептерге байланысты сатып алады. Мысалы:

- жұмысқа жақын,

- сұлу сатушы

- жағдайымды сұрайтын сатушы қыз

- 10 тг қарыз болып кеткенмін

- жолыма түсіп тұр

- жақын танитын адамым

- сол жерде досыммен ылғи тамақ ішеміз

Тағы сол сияқты себептер өте көп. Егер сіз стандарты ұсыныс жасайтын болсаңыз, сәйкесінше клиенттеріңіздің кім екенін білмей, әр кез сайын кездейсоқтыққа сеніп күтіп отыратын боласыз.

Ұсыныс ерекше болса, ең болмағанда мұқтаждық жоқ болып тұрса да, қызығып клиент болатын адамдар табылады. Солайша, олардың тізімін жинайсыз. Енді, бір форматты барлық бизнесте қолдану дұрыс емес.

Әр түрлі клиент сегментіне сәйкесінше подход керек.

Егер дұрыс аудитория және дұрыс ұсыныс жасай алсаңыз - оны таргеттей алсаңыз, онда алда сізді қуантар біраз сәттер болады.

Бір-біріңізді жақсы көріңіздер, аурмаңыздар, таргеттеуде жолығайық.

Сұрақтар болса, жазыңыз. Талқылайық, сөйлесейік.

0
0
1795

Осы тақырып бойынша

Неге таргет менің бизнесіме келмейді? - Yvision.kz