Мазмұнға өту
userfacebook2745140689080685

Nur Otan Koksu Audany

@userfacebook2745140689080685

Сайтта 2020 ж. 4 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

124

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Бүгін яғни қарашаның жиырма бесі күні

төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов Балпық ауылы, "Заңғар" ЖШС- нің ұжымымен кездесіп қайтты. Аталған шаруашылық жүгері егумен айналысады. 60 га суармалы жерді игеріп отыр. Сонымен қатар 5 адамды жұмыспен қамтуда. Жеке шаруашылықта техника жеткілікті. Жекеменшік техникамен қамтамасыз етіліп отырған шаруашылық алдағы уақытта нәтижелі жұмыстарды көрсетеміз деп отыр. Мәлік Аманбайұлы шаруашылықтың жұмыс барысымен толықтай танысып, еңбеккерлерге сәттілік тіледі.

0
0
141

Жастар кездесуі

партия филиалдары төрағасының бірінші орынбасарларымен өткен праймериздерді, "Жастар-Отанға!" 2025 жылға дейін өңірлік және аумақтық жол карталарын әзірлеу тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов және ауданның "Жастар орталығы" жетекшісі Қуаныш Дүйсембаев пен аудан жастары қатысты. Жиын барысында Мәлік Аманбайұлы партияның «Жастар – Отанға» жобасын кеңінен түсіндіріп, алдағы уақытта аудандық «Жастар ресурстық орталығымен» бірге жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Президенттің Жолдауларындағы жастарға ерекше көңіл бөлініп жатқандығын айтып, аянбай еңбек етуге шақырды. Сонымен қатар ішкі іріктеу жөнінде де біраз әңгімелер айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

0
0
123

Бүгін яғни қарашаның жиырма төртінші жұлдызы

төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов Теректі ауылы, "Гаджиев" жеке кәсіпкердің еңбек ұжымымен кездесіп қайтты. Ондағы басты мақсат қызметкерлердің жалақысын төлеу бойынша әлеуметтік пакет мәселелері жайында білу еді. Аталған жеке кәсіпкердің иесі өзінің қызметкерлеріне тиісті жалақыларын уақытылы әрі тұрақты түрде төлеп отырғанын айтты. Оның бұл сөзін ұжым мүшелері де растап берді. Бұдан бөлек Мәлік Аманбайұлы шаруашылықтың жұмыс барысымен де танысты.

0
0
135

Қарашаның жиырма үші күні партиялық бақылау комиссиясының мүшелері

Жиынға «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов пен партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Мадина Кубиева, үкіметтік емес ұйымның жетекшілері мен ауданның Жастар орталығының жетекшісі Қуаныш Дүйсенбинов және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Жиын "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруындағы ҮЕҰ рөлі" тақырыбында өтті. Кездесу барысында көкейкесті мәселелер көтеріліп, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінен түскен ұсыныстар қаралды.

0
0
171

"Праймериз 2020" ішкі іріктеу жайында

дәрігер-ардагерлермен онлайн кездесу өткізді. Мағыналы кездесуде үміткерлер белсенділік көрсетіп, өздерін таныстырды. Ал, дәрігер-ардагерлеріміз болса, үміткерлердің болашаққа жоспарлаған бағдарламаларына және де праймеризге қатысты сауалдарын қойып, толық әрі мәнді жауапқа қанағаттандырылды. Сонымен қатар, онлайн кездесу кезінде үміткерлер тарапынан да сұрақтар қойылып, дәрігерлердің медицинаға арнаған өмірлері жайлы ой-пікірлерін сұрады. Медицина қызметкерлері жұмысы ең мәртебелі және қайрымды жұмыс екеніне тағы бір көз жеткізді.

0
0
115

Бүгін аудан жастары өңіріміздегі «Қазақстанның 100 жаңа есімі»

Кездесу барысында спикерлер жеке жобаларындағы, сонымен қатар заманауи технологиялар көмегімен білім деңгейін арттыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Жастар кездесуден мол әсер алып, көкейкесті сұрақтарына жауап алды.«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарының жетістіктері жастарды ғана емес, рухани жаңғыруға ұмтылған барлық жандарға ой салары сөзсіз.

0
0
182

Бүгін «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы

аудан тұрғындарымен кездесті. Онлайн кездесуде ауданда атқарылған ауқымды шаруалар мен алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс жұмыстың жоспары жайлы айтылды. Мәлік Аманбайұлы өз сөзінде барлық саланы қамтып өтті. Мәселен, ауыз су, газдандыру, жаңадан бой көтеріп жатқан нысандар мен тұрғын үйлер, мемлекеттік бағдарлама аясында беріліп жатқан баспаналар. Тек шешімін тауып, мәселенің күрмеуін тарқататын бір дүние ол егістіктегі суармалы жерлерді суғару жүйесі. Яғни ирригация мәселесі. Бірақ алдағы уақытта міндетті түрде шешіледі делінді. Эфир кезінде Праймериз яғни ішкі іріктеу жөнінде де айтылды. Індетке байланысты пандемияның өршіп тұрған шағында партия тарапынан көрсетілген көмек жайында да тілге тиек етілді.

0
0
125

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

«Nur Otan» партиясының Көксу аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Кездесуге өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен азаматшалар қатысты. Онлайн жиынды Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Мадина Кубиева жүргізді. Күн тәртібінде аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі қаралды.

0
0
128