Сауда орталықтарына рейд жұмыстары жүргізілді
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында кезекті рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл жолы қаладағы сауда орталықтарындағы жүргізілген мониторинг жұмыстары мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдайдың жасалауына бағытталды.
Партиялық бақылау комиссиясы «Сұлтан», «АйтБек» және «Жайна» сауда орталықтарындағы аталған бағыттағы талаптардың сақталуы мен тиісті заңдылықтардың ескерілуі назарға алды. Ғимараттарға жүргізілген рейд жұмыстары барысында олқы тұстарға қатысты ескертпелер де берілді. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз жүруіне орай тиісті талаптар болуы керек. Мониторинг жұмыстары барысында партиялық бақылау комиссиясы осыны ескертті.