Тасбөгет кентінің жан-жақты ілгерілеу қарқынымен танысты
«Құтты мекен» партиялық жобасы қала көлемінде жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Қала дамуына бағытталған жұмыстардың сапасын бақылап, тұрғындар игілігі үшін талапқа сай жүзеге асуына басымдық берілуде. Осы мақсатта қалаға қарасты Тасбөгет кентінің ілгерілеу қарқыны назарға алынды.
"Nur Otan" партиясы Қызылорда қалалық филиалы мүшелері мен партиялық бақылау комиссиясы Тасбөгет кентіндегі осы жылғы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстармен танысты.
Бүгінде аталмыш кент тұрғындарының қолайлы өмір сүрулері үшін тиісті жұмыстары атқарылуда. Мәселен, кент аумағында 23 көшеге 957 жарық шам орнатылған. Осы жылғы жоспарға орай 4 көшеге жарық бағаналары орнатылуда. Сонымен қатар, Тасбөгет кентіндегі тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін стритбол алаңы да салынды.
Кенттегі жаңадан қалыптасқан көшелерге тас төсеу жұмыстары үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыс барысы қарқынды жүргізілуде.
Партиялық бақылау комиссиясы кенттегі жұмыстарды көзбен көру арқылы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жоспарлардың жүйелі жүргізілуіне бағыт берді.
