"Jas Otan" ЖҚ белсенділері
"Jas Otan" ЖҚ белсенділері "Nur Otan"партиясының аудандық сайлауалды штабының үгіт материалдарын орналастыру бойынша жұмысқа кірісті. #NurOtan #JasOtan #меніңтаңдауымNurOtan

@ulytau.nurotan.kz
Официальный филиал партии "Nur Otan" Улытауского района Карагандинской области
рейтинг
250
жазбалар
43
пікірлер
0
тіркелуші
17
жазылымдар
11
рейтинг
250
жазбалар
43
пікірлер
0
тіркелуші
17
жазылымдар
11
"Jas Otan" ЖҚ белсенділері "Nur Otan"партиясының аудандық сайлауалды штабының үгіт материалдарын орналастыру бойынша жұмысқа кірісті. #NurOtan #JasOtan #меніңтаңдауымNurOtan

11 желтоқсанда "Nur Otan" партиясы Ұлытау аудандық филиалында сайлауалды штабының ашылуы өтті. Ашылуына штаб мүшелері және аудан белсенділері қатысты. Іс-шараны «Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық сайлауалды штабының төрағасы Бегаев Жомарт Сәбитұлы ашып, жиналғандарға тағы да 2021 жылы 10 қаңтарда елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтетіндігін еске салып, барлығын азаматтық борышын өтеуге және 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келуге шақырды.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Ұлытау аудан орталығында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығы рейд жүргізді. Құрылысы аяқталып, сыртқы аббаттандыру және ішкі тазалау жұмыстары жалғасуда. Партиялық рейдке партиялық бақылау комиссиясының төрағасы мен мүшелері, "Nur Otan"партиясының депутаттық фракциясының мүшелері қатысты. Рейд қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер С.Ташенов "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып түсіндіру жөнінде Аманкелді ауыл тұрғындарна қашықтықтан онлайн кездесуі өткізді. Кездесуге қатысқан тұрғындар сайлауалды бағдарлама жанжақты қаралып, қабылданған және елдің даму жолындағы жүмыстарын әрі қарай жандандыруға үлкен көпір екендігін айтты.

Ұлытау ауданы "Nur Otan" партиясы сайлауалды штабының ұйымдастыруымен Шеңбер ауылына ҚР Мәжіліс депутаттығына үміткер Берік Әбдіғалиұлы ауылымыздың белсенді жастарымен және ауыл ақсақалдарымен кездесіп өз бағдарламасымен таныстырды.
Аудандық филиалдың бастауыш партия ұйымдарының этика кодексін сақтау бойынша онлайн отырыс өтті. Аталған жиындарда партия мүшелерінің "Әдеп кодексін" сақтау мәселесі қаралды.


Бүгін Ұлытау ауданында "Бәрі біздің есімізде" жастар акциясы өтті. Аудан еріктілері ұлттық тарихтың маңызды оқиғаларымен буклеттер таратты.
Тарих кез-келген мемлекеттің ажырамас бөлігі. Әр адам өзінің тарихын, тамырларын білуі керек.

"Nur Otan" партиясы аудандық филиалында "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында аудан тұрғындарымен, жеке кәсіпкерлер және жұмысқа орналасу жөніндегі азаматтармен кездесу өтті. Отырыс барысында мемлекеттік бағдарлама аясында оқыту және қайта оқыту, жұмысқа орналастыру бойынша ақпарат берілді.

"Таза үй - таза аула" Жастар акциясы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында жалғыз басты ауыл ақсақалдарының үйлерінің алаңын қардан тазалап, отын-ағаштарын үйлеріне кіргізуге көмек көрсетілді.
"Jas Otan" ЖҚ мүшелерімен бірігіп «Хандар алаңы» ескерткіш алаңын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді.