"Nur Otan" партиясы Ұлытау аудандық филиалында сайлауалды штабының ашылуы
11 желтоқсанда "Nur Otan" партиясы Ұлытау аудандық филиалында сайлауалды штабының ашылуы өтті. Ашылуына штаб мүшелері және аудан белсенділері қатысты. Іс-шараны «Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық сайлауалды штабының төрағасы Бегаев Жомарт Сәбитұлы ашып, жиналғандарға тағы да 2021 жылы 10 қаңтарда елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтетіндігін еске салып, барлығын азаматтық борышын өтеуге және 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келуге шақырды.

