Студенттік шақтар — ай!
«Біз бір-бірімізді көрмегенімізге 1 жыл болыпты ғой! Өзгеріп кетіпсің!» Бұл – группаларстардың жаңа жылдық демалыстан оралғанда айтатын ең танымал сөзі. Міне, біз де жылқы жылын шығарып салып, қой жылында бір-бірімізбен қауышып жатырмыз. Арамызда жаңа жылда жаңалығымен келгендер де, «жыл ауысқанымен, мен ауыспаймын» дейтіндер де бар. Олай болса, назарларыңызға біздің 2 - топ студенттері туралы фоторепортаж ұсынамыз. Мархаббат Ілияс – Нарынқолдың ерке қызы. Ерке болғанда да, есті ерке. Тез тіл табыса алатын қасиетімен үнемі айналасындағы адамдарға күлкі сыйлап жүреді. Бойынан журналситке тән барлық қасиеттер табылады: шығармашылық, әдемі үн, актерлік шеберлік те. Бүгінде өзінің ерекше дауысымен «әл-Фараби» радиосында «Лирикалық сәт» бағдарламасын жүргізеді. Аман Анэль – сымбаты мен сұлулығ…