Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Студенттік шақтар — ай!

«Біз бір-бірімізді көрмегенімізге 1 жыл болыпты ғой! Өзгеріп  кетіпсің!» Бұл – группаларстардың жаңа жылдық демалыстан оралғанда  айтатын ең танымал сөзі. Міне, біз де жылқы жылын шығарып салып, қой  жылында бір-бірімізбен қауышып жатырмыз. Арамызда жаңа жылда жаңалығымен  келгендер де, «жыл ауысқанымен, мен ауыспаймын» дейтіндер де бар.  Олай  болса, назарларыңызға біздің 2 - топ студенттері туралы  фоторепортаж ұсынамыз.

Мархаббат Ілияс – Нарынқолдың ерке қызы.  Ерке болғанда да, есті  ерке.  Тез тіл табыса алатын қасиетімен үнемі айналасындағы адамдарға  күлкі сыйлап жүреді.  Бойынан журналситке тән барлық қасиеттер табылады:  шығармашылық, әдемі үн, актерлік шеберлік те.  Бүгінде өзінің ерекше  дауысымен «әл-Фараби» радиосында «Лирикалық сәт» бағдарламасын  жүргізеді.

Аман Анэль – сымбаты мен сұлулығы келіскен, талғамы мен талабы  ұштасқан, арманы асқақ, мақсаты берік, қайсар әрі нәзік жан. Көз  қарасының қуаттылығы кез - келген жанды жібітіп, өзіне бауратып алады.  Оған дәлел...

Ахат Маржан Маратқызы - тобымыздағы ең позитивті жан. Бойжеткеннің ерке   мінезі оның әлемді түсініп, терең ойлауына кедергі туғызбайды.   Қуанышыңызға ортақтасып, жан күйзелісі кезінде сізге қолдау көрсетеді.   Маржан - жанындағыларын әрдайым қуанышқа бөлеп жүретін арманшыл қыз.

Әсел Бегман - топтың жаңаша ойлайтын студенті. Сәнді киінгенді ұнатады. "Адамның киген киімі ішкі жан дүниесінің айнасы" деген пікірге қосылады.

Айгүл Хожантаева - топтағы ерекше студент. Оның мақсаты - әлем тілдерін меңгеру. Сол арқылы Қазақстанды әлемге танытқысы келеді.

Әсел Сарқыт - жаны жайсаң жайдарлы шығыстың аруы. Әдемі күлкісімен көпшілікті баурап алады. Өз ісіне ұқыпты. Кез келген дүниеге жауапкершілікпен қарайды.

Нұрлыханның Айтбегі Алты Алаштың байыпты ері. Сары қыз, қара қыз деген түрлі - түсті өлеңдері бар. Сонысымен - ақ, өзінің оқырманын жинаған жас ақын. Айтыскерлік қырын да айта кетуіміз керек.

Берікбол Төлеген - ал бұл МЕН! Мен туралы пікірді группаластарыма қалдырдым...

2
0
2370

Осы тақырып бойынша

Студенттік шақтар — ай! - Yvision.kz