Айфон әлде самсунг?
Бұл да ең нашар сұрақ. Себебі, жауап беру қиынның қиыны. Неге? Себебі, әйелдерге түсінікті болу үшін: “Орифлейм жақсы ма, Фаберлик жақсы ма?” деген сияқты. Әркімнің тұтынғанына қарай. Еркектерге түсінікті болу үшін, “Тойота Камри алайын ба әлде немістің машинасын алайын ба?” деген сұрақ сияқты. Ондайда ең дұрыс жауап: “Камри ал”. Неліктен? Себебі, бұл - немістің көлігін мініп көрмеген адамның сұрағы. Естеріңізде болсын, немістің көлігін тек немістің көлігімен ғана салыстыру керек. Айталық: “Мерс алайын ба, БМВ әлде Ауди?” деген сияқты. Әгәрәки адам неміс автоконцернін Тайота Камриге теңестіріп қойса, ол адамның қалтасы да, көңілі де, көлікпен жүрісі де сол жапондық көлік деңгейінде деген сөз. Немістің көлігінің мінезі бар. Оны айтып жеткізу мүмкін емес және камришілерге түсіндіру қиындау-…