Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Айфон әлде самсунг?

Бұл да ең нашар сұрақ. Себебі, жауап беру қиынның қиыны. Неге? Себебі, әйелдерге түсінікті болу үшін: “Орифлейм жақсы ма, Фаберлик жақсы ма?” деген сияқты. Әркімнің тұтынғанына қарай. Еркектерге түсінікті болу үшін, “Тойота Камри алайын ба әлде немістің машинасын алайын ба?” деген сұрақ сияқты. Ондайда ең дұрыс жауап: “Камри ал”. Неліктен? Себебі, бұл - немістің көлігін мініп көрмеген адамның сұрағы. Естеріңізде болсын, немістің көлігін тек немістің көлігімен ғана салыстыру керек. Айталық: “Мерс алайын ба, БМВ әлде Ауди?” деген сияқты. Әгәрәки адам неміс автоконцернін Тайота Камриге теңестіріп қойса, ол адамның қалтасы да, көңілі де, көлікпен жүрісі де сол жапондық көлік деңгейінде деген сөз. Немістің көлігінің мінезі бар. Оны айтып жеткізу мүмкін емес және камришілерге түсіндіру қиындау-ау... Дәл сол сияқты, “Самсунг әлде Айфон?” деп отырған адамға әдетте “Самсунг ала берсейші” деп жауап берем. Өйткені, ол сұрақты әдетте Айфон ұстап көрмегендер айтады. Ал Айфон ұстап көрген адамдар оны не қайта ұстамастай лақтырады, не оған мәңгі жабысып қалады. Айфон яғни Әпіл компаниясының өнімдерінде адам айтып жеткізе алмайтын мінез бар. Екі телефонның техникалық параметрін салыстырмаймын. Себебі, бір-бірінен асып бара жатқан, оның үстіне тек уатсап, инстаграм, ютуб үшеуінің арасында отырғандар үшін аса білінбейді де. Тіпті анау Самсунгтың 8ГБ/16ГБ жедел жадысы Айфонның 6ГБ жадысымен бірдей деуге де болады. Өйткені, барлығын iOS жүйесі шешіп тұр. Дегенмен, офистік қағазбасты жұмыстар, файлдармен қарым-қатынас, программа еркіндігі жағынан Андройдқа жететіні жоқ. Айфонды бір алсаңыз, өте ұзақ мерзім ұстай аласыз және жобамен өз бағасына сатасыз. Ал Самсунг сіз алған күні-ақ жарты бағасын жоғалтады. Самсунгтың камерасы 108МП болса да Айфонның фотосы бәрібір шынайы, сапалы. Самсунгте есесіне NFC бар және өзі сияқты басқа құрылғыға батарейкаңнан қуат бере аласың. Бірақ таза техникалық тұсына мән беріп, қолданып жүрген ешкім жоқ-ау, ә? Әлде бар ма?;))

0
0
180

Осы тақырып бойынша

Айфон әлде самсунг? - Yvision.kz