Тексіз тентекті тезге салу керек!
Айтарым бар... «Естімеген ел де көп..» демекші елімізде тойғанды көтере алмай, Отанына опасыздық жасап жүргендер көп. Солардың бірі – адам құқығын қорғаушы қазақстандық азамат Вадим Курамшин. Оның бейбіт елімізде жүріп есіргенін, яғни бір кездері түрмеден шығысымен азаматтық қарсылық шараларын ұйымдастырғаны жайлы көзі қарақты жандар естіп те үлгерді. Бір қызығы, ол өзі адам құқығын қорғаушы болғанына қарамастан, әділ әрекет жасаудың орнына аяғын шалыс басуда. Мәселен, арам ақша табуды көздеген Вадим Курамшин мырза өзінің мамандығын бетке ұстап, көмек сұрай келген адамдардың анық-қанығына жетпей жатып, олардың ісін дұрыс етіп шығаруы үшін барын салған екен. Тіпті, ол оппозиция серкесі, Павлодар облысының бұрынғы әкімі болған Ғалымжан Жақияновпен түрмелде дос болып, кейін оны қорғамақ болы…