«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма қорының құрамы жаңартылды
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның директорлар кеңесі қорды басқарудың жаңа құрамын бекітті, деп хабарлады «Самұрық-Қазынаның» баспасөз қызметі. Сейсенбі күні директорлар кеңесін басқаратын Қазақстан Республикасы премьер-министрінің төрағалығымен ҰӘҚ директорлар кеңесінің кезекті кеңесі өтті. «Қор Директорлар кеңесі сондай-ақ Қор Басқармасының жаңа құрамы туралы шешім қабылдады. Қор Басқармасының мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Арман Дунаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды», - деп көрсетілген отырысытың қорытындылары бойынша таратылған хабарламада. Сонымен, Қордың Басқармасы 5 адамнан тұратын жаңа құрамда құрылды: Т. Құлыбаев – Басқарма төрағасы, Қ.Бишімбаев пен А. Кәрібжанов – Басқарма төрағасының орынбасарлары, Қ. Әйтекенов пен Н.Рахметов – Басқарушы директорлар – Басқарма мүшел…