Қазақ алфавитінің кирилицадан латиницаға өтуі уақыт еншісінде - Құл-Мұхаммед
Қазақ алфавитінің кирилицадан латиницаға өтуі уақыт еншісінде, деп есептейді мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.
«Қазіргі уақытта бұл мәселені талқылау қоғамда белсенді жүруде, ол көптеген қазақстандықтарды алаңдатады. Дегенмен кез келген реформа барлық объективті жағдайларды есепке алумен жүргізілуге тиіс», - деп жауап берді Құл-Мұаммед, өз блогында қойған сауалға.
«Латиницаға өту бір күннің мәселеі емес, ол барлық факторларды жанжақты талдауды және латын шрифтін енгізуге азаматтардың көзқарасын зерттеуді талап етеді. Барлық «қолдау» және «қарсы» дәлелдерді келтіру қажет. Бұл мәселеде асығыстық болмауға тиіс. Біз бұндай шешімді ойланып және зейін салып талқылап қабылдауымыз керек. Бұл уақыт еншісінде», - деп атап көрсетті мәдениет министрі.
