Атырауда тегін Wi-Fi
Бүгін, қыркүйектің 12-сі күні, Атырау қаласының халқы үшін жағымды жаңалық болды. BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, Исатай-Махамбет орталық алаңы және қала ішіндегі өзге де халық көп шоғырланатын алаңдарда (Құрманғазы, Өзен жағасы, "Атырау" сауда орталығы, облыстық-қалалық әкімшілік аллеясы, Д.Нұрпейісова алаңы, Жеңіс саябағы, "Жилгородок" саябағы) тегін сымсыз Интернет желісі (Wi-Fi) қосылды.
"Қазақтелеком" және облыстық әкімшілік мұрындық болған бұл іс ҚР Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша атқарылып отыр екен. (Демек Қазақстанда Н.Назарбаев айтпаса, тапсырма бермесе, ешкім халық үшін ештеңе істемейді).
Ал, халайық, пайдаланыңыздар! Құттықтаймын! :)
