Қазақ тілі — қазақ болашағының тілі ме?
Бүгінгі таңда "дөкей" ағаларымыздың қазақ тіліне қатысты айтып жатқан сөздерін тыңдайсың да, "қазақ тілі өз деңгейіне шынымен де жетеді ма?" деген ойға келесің. Айтылып жатқан сөздер көп, шындығына келетін болсақ, тірлік аз. Үкіметтің тілді дамытуға бөліп жатқан қаржысына, шығарып жатқан заңдарына қарамастан, істеліп жатқан тірліктің күйіне қарап отырып, жылағың келеді. Оқушыларға арналып шығарылып жатқан оқулықтар болсын, газет-журналдар болсын, көшедегі жарнама мен дүкенде тұрған тауарда жазылған қазақ тіліне көз жүгіртсек, басқа тілде жазылғандай немесе мағыналық, орфографиялық қатеге толы. Өз басым ЖОО-да техникалық мамандықты қазақ тілінде оқыдым. Кірстық жұмыс, реферат, дипломдық жұмыстарды жасау барысында қазағымның ағартушы-ғалымдарының кітабына жүгінуге тура келді. 1 сөйлемнің өз…