Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ тілі — қазақ болашағының тілі ме?

Бүгінгі таңда "дөкей" ағаларымыздың қазақ тіліне қатысты айтып жатқан сөздерін тыңдайсың да, "қазақ тілі өз деңгейіне шынымен де жетеді ма?" деген ойға келесің. Айтылып жатқан сөздер көп, шындығына келетін болсақ, тірлік аз.

Үкіметтің тілді дамытуға бөліп жатқан қаржысына, шығарып жатқан заңдарына қарамастан, істеліп жатқан тірліктің күйіне қарап отырып, жылағың келеді. Оқушыларға арналып шығарылып жатқан оқулықтар болсын, газет-журналдар болсын, көшедегі жарнама мен дүкенде тұрған тауарда жазылған қазақ тіліне көз жүгіртсек, басқа тілде жазылғандай немесе мағыналық, орфографиялық қатеге толы.

Өз басым ЖОО-да техникалық мамандықты қазақ тілінде оқыдым. Кірстық жұмыс, реферат, дипломдық жұмыстарды жасау барысында қазағымның ағартушы-ғалымдарының кітабына жүгінуге тура келді. 1 сөйлемнің өзін қазақ тілінде оқысам да ештеңе түсінбедім. Сол сөйлемді орыс ғалымының кітабындағы түпнұсқасымен салыстырсам, мағыналары екібөлек. Мінеки, осындай оқылықтар жіберіліп жатқанда қазақ тілінің дамуы туралы қандай сөз қозғауға болады?

Біздің елде қазақ тілінде шығарылып жатқан баспаларды стандарттайтын, мағынасын, орфографисын қадағалайтын арнайы мекеме бар ма, жоқ па білмеймін, бірақ осы сала ақсауда.

Менің айтқым келгені, қазақ тіліне өзге ұлт өкілдерін үйреткіміз келсе, ең алдымен, өз қазағымыз оңай түсінетін баспалар көп болуы керек. Көшедегі жарнамалардың мәтінін қадағалау керек.

Көшедегі, теледидар, баспа құралдарындағы жарнама, тек қана жарнама беріп отырған мекеменің жарнамасы ғана емес, қазақ тіліне үйрететін құрал болуы керек. Аз да болса, қазақ тіліндегі мәтін, өзге ұлт өкілдерінің санасында сақталуы әбден мүмкін.

 
1
0
720

Осы тақырып бойынша

Қазақ тілі — қазақ болашағының тілі ме? - Yvision.kz