Жоғалғанда ғана бағалау.
Осы блогты Қазақ тілінде жүргізгім келеді. Неге десен, мәселен оп-оңай - өзім Қазақ емеспін бе?
Расында, ана тілімді қаншалықты сүйгенімді тек қана кеткенде тусіндім. Абу дабиге келгелі қазақтарды не көрген, не естіген емеспін. Университетімізде әлемде болған елдердін көбі бар. Америкалықтармен ағылшын тілінде, орыстармен орыс тілінде, түрікпен түрік тілінде - ал қазақ тілін түсінетін ешкім де жоқ. Сондықтан жүрегім ауырып, өз тілімді аңсап кетті.
Онымен қатар, ойланып осындай қорытындыға жеттім: біз, қазақтар, өз тілімізден ұялатын екенбіз. Өз араларымызда сөйлескенде орыс тілін артық көреміз. Осыдан ұялуымыз керек. Мен, орыстар мені казақпен орысша сөлейсіп көргеннен қорқамын. Олар біз туралы не ойлап түсінгеннен зәрем ұшады. "Қазақтарға қарашы, өз тілдері жоқтай біздің керемет тілімізді тартып алды!" - деп шықпайды ма? Оларға біздің орысша сөйлескеніміз мақтаныш болып көрінеді ғой. Ал біздің намысымыз қайда? Абыройымыз қайда?
Иә, кезінде Абай, Міржақып сияқты ұлы адамдар бізге "Оянындар!" деп, бекер айтпаған. Қазір енді кеш болып қалды ма? Жоқ, барлығы біздің қолдарымызда достарым.
Қазақ тілін өшіріліп қалудан сақтайық.
(Жазғаным қазақтарға арналады, ешқандай түрде нацизмге шақырмаймын, орыстарға қарсы ұстанымым жоқ)
