Азуын айға білеген қашқын
БТА Банктен қаржы жымқыруға байланысты сот процесі басталғалы бұрынғы олигарх Мұхтар Әблязов саяси қызметін жандандырды. Шетелде бас сауғалап жүрген банкир Қазақстандағы билікті төңкеруге күш салуда. Банкирдің ойынша қазақстандықтар оның кегін қатару үшін қарсылық акциясын ұйымдастырады. Соңғы үш жылын Әблязов Франция түрмесінде өткізді. Өткен жылдың 6 желтоқсанында босап шыққан бұрынғы банкир енді кегін Қазақстанда төңкеріс жасап қайтаруға бекінген сияқты. Банкир қазақстандықтар оның қуғында жүрген жылдары мен жымқырылған қаражатының орнын толтыру үшін қарсылық акциясына шығу керек деп есептейді. Оны Фейсбук, Инстаграмм әлеуметтік желілері арқылы елді митингіге шығару үшін не істеуге болады деген сауалдарынан көруге болады. 31 наурызда Фейсбуктағы парақшасында «Қазақстан бойынша, тым бол…