Жарылардай жүрегім сағыныштан...

Жарылардай жүрегім сағыныштан
От сезімді қайтейін алып ұшқан?!
Үміт сыйлап жаныма келген едің
Құтқарып қап кеудемдегі тарылыстан…
Күнім болдың сәулесін,нұрын шашқан
Өр кеудемде тұтқындап бұлттар басқан.
Айым болдың жарығын сыйға тартып,
Көз жанарды арылтқан ыстық жастан.
Түсінбедім бұл күйді өзім мүлде
Айналғандай бар ақылым жанып күлге.
Махаббат па?Сағыныш па?Құштарлық па?
Сан ой салып мазалайтын əр кез түнде…
Бұл-сағыныш, махаббатпен ұласқан
Құштарлық бар сезімдермен жыласқан
Əй,білмедім ұқпадым бұл күйімді
Жүрегім мен ақыл-ойым сынасқан...
