Мазмұнға өту
shaiyah

qyzyqemes

@shaiyah

Сайтта 2023 ж. 4 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

49 234

жазбалар

90

пікір

1

тіркелуші

2

жазылу

1

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ИММУНДАУ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

Шымкенттегі медициналық және мектепке дейінгі ұйымдарда қызылшаға қарсы екпе жұмыстары жүріп жатыр. Елімізде қызылша вирустық инфекциясының өршуіне байланысты денсаулық сақтау саласының мамандары дабыл қағып отыр. Республиканың барлық аумағында вирусқа қарсы қосымша иммундау жұмысы қолға алынған.– Қалада қызылша инфекциясының таралуына байланысты эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып тұр. Жыл басынан бері қызылшаның алғашқы диагнозы бойынша 6465 жағдай тіркеліп, оның ішінде 3021 адамның диагнозы зертханалық талдаулар негізінде расталды. Жұқпалы дертке шалдыққандардың 80-85 пайызы 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Оның басым көпшілігін 6 жасқа дейінгі балалар құрады.Қызылша – адамдарға тез жұғатын жұқпалы аурудың бірі. Ертеректе вакциналар қолжетімді болғанға дейін қызылшаның таралуын тежеу…

0
0
326

ШЫМКЕНТТЕГІ ТҰРАН АУДАНЫНДА ҚОС ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Ақтас және Ақтас-2 елді мекендеріне табиғи газ берілді. —Газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, биыл аяқталды. Нәтижесінде 16,7 шақырым газ құбыры тартылып, 1 380 абонент көгілдір отынды тұтынуға мүмкіндік алды. Жақында Арғымақ елді мекенін де табиғи газға қосамыз. Сөйтіп Тұран ауданындағы газдандыру көрсеткіші 98 пайызға жетеді. Ендігі жерде Құрсай және Жаңаталап елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтарын газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп қойдық. 2024 жылы құрылыс жұмыстары басталады. Сонда 2025 жылға газбен қамтамасыз етілмеген тек Айкөл елді мекені ғана қалып отыр. 2025 жылы Айкөлге де газ жеткізсек, Тұран ауданында газ мәселесі толық шешіледі, — деді Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков. Көгілдір отынға…

0
0
195

БАЗАР МАҢЫНДАҒЫ ЖЕР АСТЫ ӨТКЕЛДЕРІ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Қаладағы «Алаш», «Бекжан» базарлары көлік ағыны жоғары, халық көп шоғырланатын аумақ болып саналады. Сондықтан, биыл сауда орындары маңына А-2 автомобиль жолы мен Темірлан тас жолы бойында 3 жер асты өткелінің құрылысы қолға алынған болатын.Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Алаш» базары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде болып, жаңа нысандардың сапасын тексерді. Құрылысы жарты жылда жүргізілген жер асты өткелдері бүгін қолданысқа берілді. Енді осы аумақтағы жаяу жүргіншілердің қатынауы жеңілдеп, көлік кептелісі азаятын болады. Темірлан тас жолы арқылы өтетін жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің ұзындығы 42,5 метр, ені 6,1 метр, биіктігі – 2,65 метр. Жобаға сәйкес, А-2 автомобиль жолындағы өткел ұзындығы — 36,5 метр, ені 6,8 метр, биіктігі 2,6 метрді құрайды. Қала басшысы аудан әкімі…

0
0
169

ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫН КЕҢЕЙТУДЕ ЖОЛ КАРТАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов пен қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәжілісте Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасының мәселелері талқыланды. Жиында зауытты ұлғайтуға бағытталған Жол картасын жүзеге асыру тетіктері мен өзекті мәселелер қаралды.Мәжілісте қала әкімі зауытты кеңейту жобасын жүзеге асыру барысындағы жұмыстарға тоқталды. – Шымкент мұнай өңдеу зауыты – еліміздегі жетекші 3 кәсіпорынның бірі. Үкімет аталған зауыттың жылдық қуатын 12 млн тоннаға дейін ұлғайту бойынша тапсырма берген болатын. Осы мақсатта Энергетика министрлігі мен кәсіпорын басшылары Қытай еліне іссапарға барып, өндірістік қуатты ұлғайту бойынша CNPC стратегиялық әріптестерімен бірлескен жұмыс туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Жобаның маңыздылығы мен ауқымдылығы ескеріліп…

0
0
165

Қытай елінің ірі компаниялары Абай облысымен ынтымақтастық орнатуға дайын

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған Абай облысының делегациясы ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының ірі өнеркәсіп орталығы – Үрімжі қаласына келді. Сапар барысында кәсіпкерлер, бизнес өкілдері мен басқарма басшылары өңірлер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.«Қытай – біздің аймақтың негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Биыл қаңтар-қазан айларында Абай облысының жалпы тауар айналымының 92% немесе 266 миллион АҚШ доллары Қытай өңірлерімен шекаралық сауда арқылы қамтамасыз етілген. Мәселен, экспорт 178 миллион АҚШ долларын, Қытай өнімдерінің импорты шамамен 88 миллион АҚШ долларды құрады», — деді Нұрлан Ұранхаев.Сапар аясында облыстан арнайы барған делегация «Сан Бао» Шыңжаң сауда-өнеркәсіптік корпорациясы» ЖШС-нің бас…

0
0
405

Абай облысы студенттері кәсіби шеберлік чемпионатында үздік атанды

Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Жарысқа 22 жасқа дейінгі 545 маман және еліміздің түкпір-түкпірінен 520 сарапшы қатысты. Колледж студенттері 30 құзыреттілік бойынша өз дағдылары мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Әсіресе, «Шаштараз өнері», «Кірпіш қалау», «Мобильді робототехника», «Мехатроника», Кондитерлік іс», «Кіші сыныптарда оқыту» бағыттарында басқа өңірлерден ілгері болды. Бүгін Астана қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында Республикалық чемпионатқа қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша Абай облысының командасы жалпы командалық есепте 1 орынды иеленді (алтын - 6, күміс - 2, қола - 3 және 12 медальон). Чемпионат жеңімпаздары Қазақстанды 2024 жылғы 10-15 қыркүйегі аралығында Франц…

0
0
419

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН АУҚЫМДЫ IT-ФЕСТИВАЛЬДА ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

IT саласындағы үздік инновациялық жобалар мен цифрлық технологиялар таныстырылатын оқушылар мен студенттер арасында «Steam fest «Digital Abai» облыстық IT – фестивалі өтті. Іс-шара өскелең ұрпақты ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу, оқушылар, студенттер мен педагогтердің үздік IT-шешімдерін анықтау, қолдау және тарату, жаңа инновациялық технологияларды ұсыну, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Шараға Астанадағы CEO Yessen&Co өкілі Азат Есенов, «Нейрондық желілер орталығының» Promt-engineer Даниал Темирханов, Алматыдағы Developer Relations Coordinator for Google Developers (GDG CentralAsia) өкілі Аскар Айтуов, Үндістандағы жасанды интеллектке негізделген техникалық өнім Asambhav менеджері Shreya Mehta, Семей қаласындағы Freedom Broker компаниясының ө…

0
0
410

Абай облысында әлеуметтік мәселелерді шешуге қолдау көрсетілді

Облыста 2030 жылға дейін халық табысын арттырудың өңірлік бағдарламасы қабылданды. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.Жыл басынан бері 4651 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, оның ішінде 1847 отбасы көп балалы. Кәсіпкерлік бастама аясында жастарға 2,5% шағын несие беру жұмысы да басталды. Мәселен, 211 шағын несие беріліп, 207 шағын несие төленді.Президент тапсырмасымен мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық заманауи оңалту орталығы ашылды. Облыста 24 481 мүгедектігі бар адам тұрады. Оның 2 905-і – балалар. Бұдан бөлек, оңалту шараларын арттыру және одан әрі бейімдеу, өмір сүру сапасын жақсарту үшін Семей мен Аягөзде 150 орындық екі орталық салуды көзделген.Халықтың әлеуметтік осал тобының тұрғын үй мәселесін шешу үшін жеке т…

0
0
281

Семей қаласын дамытудың бас жоспары әзірленіп жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Семей қаласын дамытудың Бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы ретте Семей қаласының төңірегіндегі 32 елді мекенді дербес облысқа біріктіру жұмысы басталып кетті. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.2023 жылға қаланы абаттандыруға, көгалдандыруға 3,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінде қаладағы 70 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталып, 41 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жөнделіп, 9 тұрғын үйге қабырға суреттері салынды.Сондай-ақ облыста Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы жаңа, төрт жолақты, көпір құрылысы жүріп жатыр, оны 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Аспалы көпірді жапон мамандары тексерді. Қазір жобалық-сметалық құжатамалары әзірленіп жатыр. Айта…

0
0
234

Өңірде жылу және сумен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда

Облыста қуаттылығы сағатына 100 Гкал-дан жоғары 4 ірі жылу көзі, сағатына 100 Гкал-дан төмен 40 шағын қазандық және бюджеттік ұйымдардың меншігіндегі 273 автономды қазандық, сондай-ақ жеке меншікте 5 қазандық бар. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.Дегенмен, бұл саладағы басты мәселенің бірі – жылу желілерінің тозуы. Облыстағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 464,5 шақырымды құраса, бұл желілердің орташа тозу деңгейі 68%. 279 шақырымға жуық жылу желісі қайта құруды қажет етеді. Биыл 24 млрд теңгеге жылу желілері мен көздерін жөндеу, қайта жаңғырту мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілді.Сондай-ақ ЖЭО-3 құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр, жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жоспарланған жылу қуаты…

0
0
206