Мазмұнға өту
shaiyah

qyzyqemes

@shaiyah

Сайтта 2023 ж. 4 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

49 234

жазбалар

90

пікір

1

тіркелуші

2

жазылу

1

Абай облысында құрылыс жұмысы қызу жүріп жатыр

Облыста оқушы орын тапшылығын азайту үшін «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін 5700 орындық 11 мектеп салынады. Жобаны 2023 жылы жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.

Қазіргі таңда Семей қаласының әртүрлі ауданында: Қарағайлы шағын ауданында 1200 орындық, Водный кентінде 600 орындық, Ақсуат ауылында 300 орындық 5 мектептің, Бесқарағай ауылында 300 орындық, ал Аягөз қаласының «Ет комбинаты» шағын ауданында 600 орындық мектеп құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 2025 жылға дейін Білім беру инфрақұрылымын қолдау Қорының қаражаты есебінен 6 шағын мектеп, және жұмыс істеп тұрған мектептерге 6 қосымша құрылыс салынатын болады.

Балаларды қосымша біліммен жан-жақты қамту мақсатында көпбейінді Оқушылар сарайын салуды жоспарланған. Бүгінде құрылыс жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны 11,4 млрд теңге.

Президент тапсырмасына сәйкес Шәкәрім университетінде «Shakarim High School» және Ә.Бөкейхан университетінде «Abay IT-School» мектептері ашылып, облыс жоғары оқу орындарына қосымша

500 арнаулы білім гранты бөлінді.

Сонымен қатар, 2025 жылға қарай Абай облысында 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанын салу жоспарланған. Нысандар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында жүзеге асады.

Өңірді дамытудың кешенді жоспарына Семей қаласындағы құны 100,4 млрд теңге болатын бес медициналық мекеме енгізілген. Оның ішінде: 400 орындық көпсалалы аурухана, 300 орындық көпсалалы балалар ауруханасы, облыстық қан орталығы, Семей қаласының оң және сол жағалауындағы емханалар.

Айта кетсек, 2023 жылы Абай облысында 235 шақырым жергілікті маңызы бар жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған 9,9 млрд теңге бөлінген. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 77 шақырымды құрайтын ауылішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін жолдардың 90% стандартты жағдайға жетіп, 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 97% жеткізу жоспарланған.

0
0
288

Облыста 2027 жылға дейін 102 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған

Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспары Үкіметтің қаулысымен бекітілді. Онда жалпы инвестиция көлемі 1,9 трлн теңгені құрайтын 102 іс-шара қарастырылған. Биыл 89,2 млрд теңгеге 45 іс – шараны іске асыру жоспарланған. Тиісті жұмыстар басталды. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.

Қазіргі таңда «ARX Minerals» ЖШС Берқара кен орны базасында руда өндіру және катодты мыс өңдеу зауытын, «Muhit Agro» ЖШС тұрақты суару алаңының инфрақұрылымын, Бесқарағай ауданындағы «Мукинов» шаруа қожалығында 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңын, сондай-ақ Көкпекті ауданындағы «Елімай» ЖШС-нің 1543 га алқапты суару жүйелерін салу жобасы іске асырылды. Ақсуат ауданындағы «Жансая» шаруа қожалығында 1500 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңының құрылысы да аяқталды.

Сондай-ақ облыста 2028 жылға қарай 8 мың жұмыс орнын құрумен 1,4 трлн теңгені құрайтын 44 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Іске асырылып жатқан жобалардың қатарында 30 жұмыс орындық «Тассай балық» ЖШС-нің балық өңдеу цехы да бар.

Жыл соңына дейін агроөнеркәсіп кешені мен өңдеу өнеркәсібінде тағы 4 жоба іске қосылады деп күтілген. Жобалардың жалпы құны 11,9 млрд теңгені құрайды.

Осылайша, «ПК Семей цемент зауыты» ЖШС-де тік диірмен мен үшінші цементті орау желісін, жартылай фабрикат ет өнімдерін шығаратын зауытты,

«ФИК Алел» АҚ металлургиялық зауытының учаскесіне арналған көмірді десорбциялау және электролиз цехын, И.П.Зайтенов атындағы сүзбе цехын ашу жоспарланған.

0
0
386

Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс: таяу Шығыста не болып жатыр?

7 қазан таңертең Газа секторын бақылайтын ХАМАС тобы Израильді жаппай атқылай бастады. Қару асынған ХАМАС содырлары шекараны бұзып, Израиль қалаларына кірген.

Газа секторынан 80 шақырым аумақта төтенше жағдай жарияланды. Израильдің бірнеше қаласы зымыран соққысының астында қалды. Кей қалада атыс жүріп жатыр.

ХАМАС қозғалысы Израильге қарсы "Әл-Ақса дауылы" әскери операциясын бастаған хабарлады. Олардың сөзінше, бұған "Иерусалимдегі әл-Ақса мешітінің қорлануы" түрткі болған.

Шабуылға жауап ретінде Израль да "Темір қылыштар" әскери операциясын бастап, Газа секторындағы нысандарға соққы берді.

"Ұзақ әрі ауыр соғысқа кірісеміз. Израиль азаматтары,  бұл операция емес - соғыс. ХАМАС-тың шабуылы бізді соғысқа мәжбүрледі", - деді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Ел арасындағы қақтығыс салдырынан Израильде 700-ден аса, Газа секторында 400-ден аса адам қаза тапқан. 5 мыңға жуық адам жараланып, із-түссіз жоғалғандар бар.

Қаза тапқандар мен кепілге алынғандар арасында шетел азаматтары да бар. Осыған дейінгі ақпарат бойынша, әскери қақтығыс салдарынан Германия, Франция, Тайланд, Непал азаматтары қаза тапқан.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Израильде 400-ге жуық, Палестинада 25 қазақстандықтар болуы мүмкін. Қәзір Израильден 118 қазақстандықты елге қайтару бойынша арнайы рейс дайындалып жатыр.

ХАМАС содырлары 100-ден аса бейбіт тұрғынды тұтқынға алып, Газа секторына әкеткен.

Сенбі күні Газа секторымен шекараға жақын аумақта 2 мыңға жуық жастар жиналған Nova Festival музыкалық фестивалі өткен еді. Шабуыл барысында 260 адам қаза тапқан.

Сол фестиваліне келген Германия азаматшасы Шани Лук қатты азапталған.ХАМАС содырларының қызды ұстап алып, қол-аяғын сындырып, қорлық көрсеткен.
Кейін содырлар қыздың денесін жол талғамайтын көліктің артына салып, қоршап, қол шапалақтап, түкірді.

1
0
345

Кішігірім мотивация

Мотивация жоқ болса, нәтиже де жоқ
Мотивацияны демеу үшін сәтті 6 қадам:

– Қандай нәтижеге ие болатыныңды жарқын түрде елестет. Өз еңбегіңнің жемісін көз алдыңа елестет. Мотивацияң таусылған сайын немесе шаршаған сәттерде жемісіңді, жететін нәтижеңді ойла.

– Мақсатың физикалық тұрғыда өзіңмен бірге болуы керек. Демек, құлшынысыңды арттыратын, оған қараған сайын мақсатыңды есіңе түсіретін белгілі-бір зат болуы қажет.

– Жоспарларың мен мақсаттарыңды қағаз бетіне түсір. Орындалған жоспарларыңды түртіп отыр.

– Өз-өзіңе сөз бер. Аяғына дейін баратыныңа, тайсалмастан нәтижеге жететініңе уәде ет немесе жақындарыңа сөз бер.

– Еліктейтін тұлға болса, соған қарап бой түзеп, «Ол жеткен жетістікке мен де жетемін» деген ұранмен өмір сүр.

– Идеяластарыңды тап. Жақындарың немесе достарыңның арасынан сенің бастамаңа қолдау білдіретін немесе өзіңмен бірге іске кірісетін адамдар болса, нағыз мотивация сол болмақ. Осы айтқандарым пайдаңызға жараса мен қуаныштымын

1
0
352