Белгілі қазақстандық саясаттанушының әкесі КГБ-да жұмыс істеп, 1986 ж көтерілісті басуға атсалысты
Мұрағат зерттеушісі Алматы қаласында 1986 жылғы көтеріліске қатысушылардың ізіне түсіп, қудалағандар туралы КСРО МҚК құжатын жариялаған.Аталған құжатта 1986 жылғы 17 желтоқсан күнгі көшеге шыққан қаракөздерімізді қан жоса қылып, қуғындауға қатысқан ҚазССР МҚК қызметкерлерінің тізімі көрсетілген.Солардың ішінде Асылбек Сатпаев деген фамилияны көзіміз шалып қалды, иә белгілі қазақстандық саясаттанушы Досым Сатпаевтің әкесі.«Кто есть кто в Казахстане?» деген энциклопедияда да Асылбек Тұрмұхамедұлының ҚР ҰҚК органдарында жұмыс істегендігі (1947-1998) «тайға таңба басқандай» көрсетіліп тұр.Арнайы органда жұмыс істеп, тек қағаз жазумен айналысты деп ойласаңыз, қателесесіз.Саясаттанушы Сатпаевтің әкесі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан демократиялық ұстанымдағы студент жастарды қудалаумен…