Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Белгілі қазақстандық саясаттанушының әкесі КГБ-да жұмыс істеп, 1986 ж көтерілісті басуға атсалысты

Мұрағат зерттеушісі Алматы қаласында 1986 жылғы көтеріліске қатысушылардың ізіне түсіп, қудалағандар туралы КСРО МҚК құжатын жариялаған.

Аталған құжатта 1986 жылғы 17 желтоқсан күнгі көшеге шыққан қаракөздерімізді қан жоса қылып, қуғындауға қатысқан ҚазССР МҚК қызметкерлерінің тізімі көрсетілген.

Солардың ішінде Асылбек Сатпаев деген фамилияны көзіміз шалып қалды, иә белгілі қазақстандық саясаттанушы Досым Сатпаевтің әкесі.

«Кто есть кто в Казахстане?» деген энциклопедияда да Асылбек Тұрмұхамедұлының ҚР ҰҚК органдарында жұмыс істегендігі (1947-1998) «тайға таңба басқандай» көрсетіліп тұр.

Арнайы органда жұмыс істеп, тек қағаз жазумен айналысты деп ойласаңыз, қателесесіз.

Саясаттанушы Сатпаевтің әкесі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан демократиялық ұстанымдағы студент жастарды қудалаумен тікелей айналысқан.

Аталған оқиғаға қатысушылар өз айғақтарында арнайы қызмет өкілдерінің қорғансыз жастарға қарсы суық қару қолданғандығы туралы білеміз.

Чекистер мен милиционерлер студенттерді күрекпен, арнай шоқпарлармен, арматуралармен ұрып-соғып, қала сыртына лақтырып кеткен.

Көп қызметкердің сапында Досым Стпаевтың да әкесі қолына күрек алып,18 жастағы студенттерді тергеп, оларды ЖОО шығару жұмыстарымен айналысып, басшылық тарапынан құрмет грамоталарын алған болар.

Әрине, әкесі үшін баласы жауапты емес, дей тұрғанмен демократиялық бағыт ұстанатын саясаттанушы Досым Сатпаевтің әкесі өз қолымен сол демокранияны басып тұншықтырумен айналысқаны туралы укариндық зерттеушілерден білу ыңғайсыз жағдай екен.

Айтпақшы, саясаттанушы анасы Сатпаева Шолпан Ахметқызы Алматы цирк училищесінде оқытушы болған. Досым Сатпаевтің әртістігі мен көптеген адамдар сияқты галстук тақпай, мойынға тағатын аксессуар «бабочка» тағып жүруі осы анасы жағынан берілген болуы керек.

Міне, осындай отбасы, әкесі қанішер чекист, анасы цирк оқытушысы, ал баласы көп сөйлейтін саясаттанушы.

0
1
1716

Осы тақырып бойынша

Белгілі қазақстандық саясаттанушының әкесі КГБ-да жұмыс істеп, 1986 ж көтерілісті басуға атсалысты - Yvision.kz