Атыраулықтар қолдау көрсетуде
Еліміздегі Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына орай, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Атырау облыстық комитетінің белсеңділері облыс орталығында орналасқан «Насиха» сауда үйінде болып, қарапайым халықпен жүздесті. Мәжіліс депутаттығына Атырау облысынан ұсынылған кандидат Халидолла Сатқаев пен қалалық мәслихат мандатына кандидат Жұмажан Үмбетжанов бастаған партия белсенділері және жас комсомолдар орталықтағы саудагерлермен, тұтынушы халықпен кездесіп оларды алдымен келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алда үлкен саяси науқан келе жатқандығын, сайлауда әр азамат әуелі елінің, онан соң өзінің болашағы үшін дауыс беруі керектігін айтты. Қарапайым халықты партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырған Халидолла Сатқаев «додаға түсіп жатқан біздің партияның басқалардан…