Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атыраулықтар қолдау көрсетуде

Еліміздегі Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына орай, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Атырау облыстық комитетінің белсеңділері облыс орталығында орналасқан «Насиха» сауда үйінде болып, қарапайым халықпен жүздесті.

Мәжіліс депутаттығына Атырау облысынан ұсынылған кандидат Халидолла Сатқаев пен қалалық мәслихат мандатына кандидат Жұмажан Үмбетжанов бастаған партия белсенділері және жас комсомолдар орталықтағы саудагерлермен, тұтынушы халықпен кездесіп оларды алдымен келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алда үлкен саяси науқан келе жатқандығын, сайлауда әр азамат әуелі елінің, онан соң өзінің болашағы үшін дауыс беруі керектігін айтты.

Қарапайым халықты партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырған Халидолла Сатқаев «додаға түсіп жатқан біздің партияның басқалардан басты айырмашылығы негізгі саясатын, түпкі мақсатын қарапайым әр азаматтың әл ауқатын көтеруге арнауы. Яғни коммунистік халық партиясы ел экономикасының әр саласын ұлттық мүддеге бұрып әкелу есебінен еліміздің әр азаматының лайықты өмір сүруі үшін бар күш жігерін жұмсайтын болады. Партия қазір он мәселені шешуді басты міндет етіп отыр. Ең бастысы біз тегін білім беру жүйесін, тегін сапалы медициналық көмек көрсету жүйесін қайтаруды, қолына дипломын жаңа алған жас мамандардың кідіріссіз еңбекке араласуына, жалдамалы жұмысшылардың құқығын қорғауға, сайып келгенде әлеуметтік саясатты қайта реформалауға күш салғалы отырмыз» деді. Өз кезегінде қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Жұмажан Үмбетжанов мәслихатқа барған жағдайда көп балалы, аз қамтылған отбасыларға қамқорлық көрсету, балалар үйіне, қарттар үйіне қолдауды көбірек және жиірек көрсету мәселелерін назардан тыс қалдырмайтындығын айтты.

Партияның сайлауалды тұғырнамасымен танысып, кандидаттардың сөздерін тыңдаған халық базарда және басқа да жерлерде жұмыс істейтін жалдамалы жұмысшыларға жалақыларының есебінен зейнетақы төлемдерін аудартуды және еңбекке уақытша жарамсыздық үшін жәрдемақы төлеу сынды мәселелерді міндеттейтін уақыттың жеткендігін айтып, халық коммунистерінің сайлауалды бағдарламасы ұнағандығын, қолдау білдіретіндіктерін жеткізді. Өз кезегінде жас комсомолдар халыққа партияның газетін және өзге де үгіт насихат өнімдерін таратты.

Хамидулла Саткаев

 
0
0
644

Осы тақырып бойынша

Атыраулықтар қолдау көрсетуде - Yvision.kz