Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сауат ашу & Сауатсыздықты жою

Кейінгі кездері жиі сынға ілінгеніне қарамастан, Білім министрлігі жасап жатқан жұмыстардың жеке басыма қатысты жағымды тұстарын атап өткенді жөн көрдім. (Қызым мен ұлым мектепке барады).
Алғашқысы- бірінші сыныпқа арналған оқулықтардың сапасы. Кітаптар әлдеқайда жеңіл, әрі мұқабасы жұқарды. Оқулықтардағы материалдар өмірден алынған түрлі мысалдар негізінде беріледі. Математика пәні оқулығының бірінші бөлімінде балаға заттарды түрлі-түсті етіп бояп,оларды санау ұсынылады.
Екіншісі – баламның сынып жетекшісі мерекелерде сыйлық алудан үзілді-кесілді бас тартуда. Ата-аналардың чатында мұғалімнің психикалық саулығы жайында талқылануда. Біртүрлі, жабайы ата-аналар пара бермесе, тұра аламайтындай халге жеткен. Жуырда БҒМ-нің мұғалімдерге сыйлық жасауға тыйым салғаны жайында білдім. Алайда, мұғалім бірде-бір ол бұйрық айтқан жоқ.
Үшішісі – 5-інші сыныпта оқитын қызымның әр жиналысында сынып жетекшісі баламен қарым-қатынас, түсіністікті анықтайтын тестілеу өткізеді. Нәтижелері көңіл көншітпейді. Ата-аналардың дені өз балалары, олардың қызығушылығы мен ортасы жайында хабарсыз, тіпті, кейбірі тест нәтижесінен соң, психологтардың кеңес-көмегіне жүгінуде, бірақ мәселе басқада. Бұрын-соңды бұндай атымен жоқ еді. Анықталғандай, бұл Білім және ғылым министрлігінің ата-аналарды тәрбие мен оқыту үрдісіне немқұрайлы қарамай, қоян-қолтық жұмыс істеуге тарту. Әлбетте, бұндай жұмыстар атышулы «Синий кит» сынды қауіпті үрдістердің алдын алуға бағытталған.
Төртіншісі – депутат Б. Тілеуханның Сауат ашу оқулығына қатысты жасаған мәлімдемесімен түбегейлі келіспеймін. Ол оқулықтың енгізілуін сынап, оны «Сауатсыздықты жою» деп атауда. Дұрысы, сауат ашудың алғашқы қадамы немесе бастауы. Парламент мүшесі бұл оқулықты қолына да алмаған сияқты, я тарихты білмейді, немесе жағдайды бұрмалап отыр. Болмаса, біріншісі де, екіншісі де, үшіншісі де емес. 1935 жылы Алашорда қайраткерлері – Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин мен Әмірхан Сыдықов бастамасымен латынша «Сауаттандыру» оқулығы жарық көрген болатын. Одан өзге 1940 жылы Қазақстанның алғашқы ұстаздарының бірі – Әлішер Сәдуақасов "Сауат ашу" әдістемесін шығарған еді. Аталған оқулықтардың барлығын ҚазССР –дің халық ағарту Комиссариаты ғылыми-зерттеу институты жариялаған болатын. Алайда, жоғарыда аталаған авторлар қуғын-сүргінге ұшыраған тұста қазақ оқушыларының алғашқы оқулығы орыс букварінің калькасы (көшірмесі) – Әліппеге алмастырылған. Ал, оқулық жақсы, Әліппемен оқыған қызым жаңа оқулықтың қызықты, әрі жақсырақ екенін айтады.

0
0
1391

Осы тақырып бойынша

Сауат ашу & Сауатсыздықты жою - Yvision.kz