Ninety One - заманауи Қазақстанның мәдени елшілері
Interview in English - https://yvision.kz/post/814308Интервью на русском языке - https://yvision.kz/post/814309 Аслыны белсенді EagleZ, адал Закфан ретінде таныйтын едім. Онымен бұрыннан бері әңгімелескім келіп жүрген еді, жігіттердің Түркиядағы концертінен кейін қызығушылығым арта түсті. Аслының шетелдік қырандардың басын қосып, оларды қолдап жүрген белсенділігін байқап, сұхбат алудың уақыты келгенін түсіндім. Менің қуанышыма Аслы да әңгімелесуге қарсы болған жоқ, осылай бұл сұхбат пайда болды. Әңгіме барысында уақыттың қалай зымырап өткенін сезбей қалдық, көптеген тақырыптарды қозғап, талқыладық. Сізге де сұхбат қызық болады деп үміттенемін. Аслы, танысқаныма қуаныштымын. Ең басынан бастайықшы. Ninety One туралы қайдан, қалай естідіңіз? Шынымды айтсам, бәрі де кездейсоқ болды. 2017 жылд…