Қара қытайдан несіне қорқамыз?
Осы күні әлеуметтік желіде отырудың өзі мұң болды. Кіре қалғандай болсаңыз өмірден түңіліп, келешекке деген үмітіңіз үзіліп шығады. Өйткені желіні аттаншыл қауымның айқайы басып кеткен. Ал шын өмірде қалай? Бәрін басынан баяндайық.Әлеуметтік желі пайда болғалы бері «лайкомания» деген термин қоғамға дендеп сіңіп барады. Яғни желіге жазба салып, лайк жинау. Өзінің танымалдылығын арттырып, жұртқа сөзін өткізу. Әрине, мұның еш әбестігі жоқтай көрінер. Бірақ кейбір бауырларымыз «лайк» жолында мемлекет мүддесін аяққа таптауға дейін барып жататыны өтірік емес. «Фейсбукке» кіре қалсаңыз «МАСҚАРА! Жеріміз қытайға сатталып жатыр. Қытайдың зауыттары Қазақстанға жаппай көшіп жатыр. Анау болып жатыр, мынау болып жатыр» деген жазбалардан көз сүрінеді. Тіпті қызды-қыздымен билікке қарсы шеруге шығып, бү…