Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қара қытайдан несіне қорқамыз?

Осы күні әлеуметтік желіде отырудың өзі мұң болды. Кіре қалғандай болсаңыз өмірден түңіліп, келешекке деген үмітіңіз үзіліп шығады. Өйткені желіні аттаншыл  қауымның айқайы басып кеткен. Ал шын өмірде қалай? Бәрін басынан баяндайық.Әлеуметтік желі пайда болғалы бері «лайкомания» деген термин қоғамға дендеп сіңіп барады. Яғни желіге жазба салып, лайк жинау. Өзінің танымалдылығын арттырып, жұртқа сөзін өткізу. Әрине, мұның еш әбестігі жоқтай көрінер. Бірақ кейбір бауырларымыз «лайк» жолында мемлекет мүддесін аяққа таптауға дейін барып жататыны өтірік емес. «Фейсбукке» кіре қалсаңыз «МАСҚАРА! Жеріміз қытайға сатталып жатыр. Қытайдың зауыттары Қазақстанға жаппай көшіп жатыр. Анау болып жатыр, мынау болып жатыр» деген жазбалардан көз сүрінеді. Тіпті қызды-қыздымен билікке қарсы шеруге шығып, бүлік шығаруға шақыруға дейін барып жатады. Осындайды оқыған кезде ойланып қаласың. Қазақстан расымен де құрыдымға кетіп, қара қытайдың аранына жұтылып бара жатыр ма?

Сұрақтың жауабын табу үшін ең алдымен тарихты және әлемдегі ахуалды білу керек. Бүгінгі дәуір мен өткен ғасырларды салыстыруға келмейді. Қазір жаһандануға жол ашылды. Мемлекетті дамыту үшін шетелдік инвесторларды тарту керек. Бос жатқан жерді игеріп, сырттан келетін инвестициялық қаржының көлемін ұлғайтқан кезде ғана халықтың әлеуметтік ахуалы арта түседі. Мұны экономикадан азда  болса д  сауаты бар адам жақсы түсінсе керек. Бірақ желідегі аттаншыл қауымды ондай сауатты жандар деп айта алмайсыз. Сауатты болса неге құр босқа аттандайды? Бейбіт өмірдің шырқын кетіріп, хауыс орнатуға неге сонша құлшынуда? Кімнің мүддесін көздеп отыр? Халықтың ба, әлде қарақан басының қамын ба?

Әлгінде «лайкомания» туралы айтып өттік қой. Желіде қытай туралы түрлі қауесеттің кеулеп кетуінің де бірнеше  себептерін байқап қалдық. Біріншіден, қазақ қоғамында саны басым қытайға сіңіп кетеміз бе деген қауіп бұрыннан бар. Екіншіде, іргеде жатқан көршіміз. «Жау алыстан келмейді» деген ұғымды берік ұстанған қазақ шекаралас елдерден қауіптенеді. Сондықтан да желіде аттан салушылар тұрғындардың бойындағы осы бір елеусіз қорқынышты қоздырып отыр. Әйтпесе елімізге қаржы құйып, жерді жалға алып отырған жалғыз Қытай ма? Ағылышын, француз, итарлия тәрізді елдерден келген алпауыт инвесторлар туралы неге шу шықпайды? Олар сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері бізбен біте қайнасып, сенімді серіктес болып келе жатқан жоқ па?!

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, қытай бола ма, басқа бола ма шетелдіктерден қорқудың жөні жоқ. Бұл орынсыз фобия. Қазақстан мәдениеттен жұрдай, ортағысырлық мемлекет емес. Өркениетке қол созған, өзінің заңы мен тәртібі бар тәуелсіз ел. Бізге қаржы құйып, кәсібін дөңгелетіп отырған шетелдіктер ойына келгенді қыла алмайды. Олар Қазақстан Республикасының заңы аясында ғана өздерінің кәсібін жүргізуде. Ал заң бұзған жағдайда елден шығарылады. Бұл барлық өркениетті елдердің бәрінде бар тәжірибе. Орынсыз аттан мен айқайға алданып арандап қалмайық, ағайын!

 

Сұлтан Жомартұлы

0
0
899

Осы тақырып бойынша

Қара қытайдан несіне қорқамыз? - Yvision.kz