Латын әліпбиіне көшу – тарихпен қош айтысу
Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Ең өзекті деуіміздің де себебі сол, жоғарыда отырған шенеуніктер, министрлер бұл мәселеге кенедей қадалуда. Ал бұны қарапайым халық қолдай ма, әлде қарсы ма, мұнымен санасып жатқан ешкім жоқ. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері, бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын алфавитіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер біресе жиі, біресе саябырси айтылып келеді. Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп е…