800 жаңа мектеп саламыз: Nur Otan сайлауалды штабы Павлодарға келді
800 жаңа мектеп саламыз: Nur Otan сайлауалды штабы Павлодарға келді ⠀ «Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Павлодар облысына келді. ⠀ Партияның сайлауалды күн тәртібі өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Қазақстан Алюминийі» жұмысшыларымен кездесуде талқылады. ⠀ Таяудағы 5 жылда «Nur Otan» облыста кемінде 45 мың жаңа жұмыс орнын ашу, 100-ден астам ауылдың 45 мың тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, 1,6 мың км автожолды жөндеу, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 9 мың пәтер ұсына отырып, 2 млн. шаршы метр тұрғын үй салу секілді жобаларды міндет етіп қойып отыр. ⠀ Экологияны жақсарту мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу және жыл сайын орташа алғанда зиянды шығарындыларды 3 мың тоннаға төмендете отырып, кәсіпорындарды жаңғырту жоспарлануда. ⠀ Бұдан кейін мұғалімдерм…