«Бүгін түнде қандай түс көрдің?», басқаша айтқанда «Сен маған сенім білдіресің бе?»
Жақында бір құрбым маған кенеттен мынандай сұрақ қойды – «өміріңдегі ең алғаш көрген түсің есіңде ме?» Сонда біраз ойланып, былайша жауап қайтарғаным бар: алғаш рет апама айтып берген түсім есімде, ол оны жақсыға жорыған болатын. Сегіз жасар мен түсімде аспаннан жерге нөсердей төгіліп жатқан тиындардан қайда тығыларымды білмей жаттым. «ақша деген сөз, сен біреудің ащы тілінен аман қалдың, дұрыс болды тиын термегенің» деді апам. Мен сонда өз-өзіме ырза болғаным-ай. Ұйықтап жатып-ақ жөндем шешім қабылдағаныма қуандым. сонан бері мынаны жақсыға жоруға болады-ау деген түстерімді ғана апама айтып жүрдім. Әдетте мақтау сөзді аз еститін бала осылайша апасының мақұлдауын сезіну үшін көрген түстерін іріктеп, кейде өзгертіп те айтып беретін. Кей-кезде бәрі ойдағыдай шықпайтын, өйткені түстерімнің м…