Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Батыл әрекет ету қажеттігі жайында бүгін тағы айтылды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда Мемлекет басшысы былтыр атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы кезеңнің міндеттеріне тоқталу керектігін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, өткен жылы еліміздің экономикасы 5,1 пайызға өскен. "Ең бастысы, еліміздің даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Алдыңғы Үкімет осы бағытта біраз жұмыс істеді. Кеше мен бұрынғы Премьер-министр Әлихан Смайыловқа алғысымды білдірдім. Бірақ қазір жайбарақат отыруға болмайды, себебі алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Сондықтан Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы негізгі мақсат 2029 жылға қарай экономиканың көлемін 450 миллиард долларға жеткізу екенін атап өтті. Нақты меже бар. Енді тек жұмыс істеу қажет. "Бұл – еліміздің жа…

0
0
167

Қарағандыда жүргізуші оқушыны жаяулар жолағында қағып өлтірді

Қарағандыда жүргізуші оқушыны тура жаяулар жолағында қағып кетті.

"Жүйкесі жұқалар көрмесін. Қарағандылық 51 жастағы жүргізуші 12 жасар оқушыны қағып өлтірді. ЖКО бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші тергеу қапасына қамалды.

Жас бала ауруханаға жеткізіліп, сол жақта қайтыс болған екен", - деп жазады @egovpress.

0
0
123

Қоғамдық қорғаушылар тергеу қапасына телефон кіргізбек болған

Еліміздің екі тергеу изоляторында ұялы телефондарды алып өтуді жоспарлаған қоғамдық қорғаушылар ұсталды.5 ақпанда Астананың тергеу изоляторында жедел бөлімнің қызметкерлері фронт-офис кабинетіндегі бейнебақылауды арқылы қоғамдық қорғаушының ұялы телефонды, құлаққапты, екі SIM-картаны және қуаттағышты сотталғанға беру фактісін анықтады. Сол күні Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінде қызметкерлер қоғамдық қорғаушыны тексерген кезде аяқ киімінен телефон мен SIM-картаны тапты. Ер адам тергеу қамауына алынған туысына “тыйым салынған затты” беруді жоспарлаған. Мобильді құрылғылар мен басқа да заттар тәркіленді. Қоғамдық қорғаушыларға қатысты әкімшілік материалдар жасалды. Сондай-ақ сотталғандарды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін материалдар толтырылды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекеме…

0
0
162

Үкіметтің жаңа құрамы

Кеше атқарушы билікте үлкен өзгеріс болғаны белгілі. Бүгін сол жаңа үкіметтің толық құрамымен таныстыра кеткенді жөн көрдік. @qazaqstantvОлжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды және Үкімет мүшелерінің құрамы толық жасақталды. Мемлекет басшысының Жарлығымен: Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына; Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына; Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына; Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына: Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына; Тамара Босымбе…

0
0
243

БҚО-да ер адам аң аулау кезінде оқушыға оқ атқан

Батыс Қазақстан облысында 17 жастағы бозбала оқ тиді.Фото: pexels.com-БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға өткен сенбіде Ақжайық ауданы аумағында болды.«Шамамен сағат 13.30-да аудан орталығы Чапаев ауылынан 11 шақырым жерде аң аулау кезінде 29 жастағы ер адам абайсызда аңшы мылтығынан 17 жастағы жасөспірімге қарай оқ атқан. Салдарынан жасөспірім ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 114-бабы 3-бөлігіне (абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге б…

0
0
172

Бүгін жаңа үкімет басшысы тағайындалады

Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-мнистрдің кандидатурасы ұсынылады.

​t.me/aqorda_resmi

0
0
223

Төтеншеліктер өткен тәулікте 154 шұғыл шақыртуға барды

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 154 жедел шығу жасады.

​Оның 73-і өрттер мен жану оқиғаларына, 80-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар. Бұл ретте 58 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

0
0
196

Бірнеше аймақта жастардың қылмыстық топтары ұсталды

ҚР ІІМ жастар арасындағы криминалдық топтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді. Мұндай топтар көбінесе жасырын сипаттағы қылмыстарды жасайды, яғни жәбірленушілер қаскөйлердің қорқытуының салдарынан немесе тағы да басқа себептермен полицияға жүгінбейді. “Ұрылар” идеологиясын ұстанып, заңсыздыққа жол беретін топтар қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтарын өрескел бұзады. Жақында ғана ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Шымкент және Павлодар қалаларында осындай екі топтың ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. "Биыл қаңтар айында басқа да бірқатар өңірде осындай ұстаулар жүргізілді. Мәселен, Шымкентте жедел ақпаратты тексеру барысында университеттердің бірінен үш студентті ұрлау фактісі а…

0
0
171

Абай облысында түн жамылып көшеде жүрген балалар жаппай ұсталды

Абай облысында түнгі уақытта көшеде жүрген 370-ден астам жасөспірім ұсталды.Жыл басынан бері Абай облысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуының 370-ден астам фактісі анықталды. Жыл басынан бері Абай облысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуының 370-ден астам фактісі анықталды. Көбінесе жасөспірімдер кафелерде, түнгі және ойын клубтарында, сондай-ақ көшеде жүреді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандар сағат 22:00-ге дейін ата-анасыз ойын-сауық орындарында бола алады. Балалардың түнгі 10-нан таңғы 6-ға дейінгі кезеңде болу фактілерін анықтау ата-аналарына айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Қазақстан Р…

0
0
162

"Майқайыңалтын" маңындағы іздеу-құтқару жұмыстары тоқтатылды

«GRP-RIDDER-GROUP» ЖШС жүргізген зерттеу нәтижелері ойық түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегенін анықтады. Астындағы қуыстар мен бос кеңістіктердің құлау қаупі өте жоғары.

​Төтенше жағдайлар қызметкерлері аталған учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу құтқарушылар мен мамандар үшін үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтады.

«Апатты жою жөніндегі басшының орынбасары - КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Ерлан Жарқымбеков құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Inform.kz

0
0
176