Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Жаңа министр дәрі-дәрмектің сапасын қайта қараймын деп отыр

Құптарлық қадам. Өйткені қазіргі дәрілердің сапасын адам түсініп болмайды. Кейбірін қолдануға да қорқасың.

Фото: naryk.kz

Сондықтан да жақында тағайындалған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ведомствоның бүгінгі алқа отырысында "халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қайта қаралады" дегенін қолдаймыз.

«Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сапасына баса назар аудара отырып, қайта қаралады. Министрлік амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру бойынша жұмысты бастады», - деді министр.

0
0
174

Жолдар әлі жабылып жатыр. Күн қашан жылиды екен?

22 ақпан сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста  республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)
Ұлытау облысында  – жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда
(екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік түрлері үшін) ,
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп –ұстауға 535 бірлік техника және 1287 жолшы жұмылдырылды.

#QAJ

0
0
273

Қарағанды тұрғыны киберқылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 қаңтарда прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасау бойынша күдікті Қарағанды тұрғынын ұстады.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынған.

Алдын ала бағалауға сәйкес, келтірілген залалдың көлемі - 49 млн теңгеден артық.

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

0
0
189

Мектеп есепшілері ақша жымқырғанын қояр емес. Енді 330 млн теңге ұрланған

Алматы қаласындағы балалардың қауіпсіздігін прокурорлар тексеруде.Фото: inbusiness.kzЖүргізілген тексерулер балалардың қауіпсіздігі саласында қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігін көрсетті.Оған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жарты мыңнан астам бұзушылықтар, балаларды тасымалдау және білім беру мекемелерін қорғау ережелерінің, санитарлық және өртке қарсы нормалардың бұзылуы, сондай-ақ оқушылар арасында буллинг фактілерінің анықталуы дәлел.     Тексерулер нәтижесінде 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, шамамен 60 млн. теңге өтелді, 67 қадағалау актісі енгізілді және 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Бұдан басқа, құқық бұзушылықтарға жедел ден қою мақсатында, оның ішінде оқушылар арасындағы  буллингке қатысты, оқушылар нем…

0
0
208

"Аюға намаз үйреткен таяқ" деген қағиданы ұстанған ба?

Молда балаларға амаз үйрету үшін оларды шыбықпен сабаған.

Иллюстрациялық сурет

"Түркістан облысындағы Сарыағаш қаласының тұрғыны 19 балаға діние сабақ өткізіпті. Сабақтар кезінде жеткіншектер талай мәрте сабалған. Зардап шеккен балалардың бірінің айтуынша, оны сабақты дұрыс оқымағаны үшін 39 жастағы ер адам бірнеше апта бойы ұрып-соғып отырған.
Осындай сабақ үшін балалардың ата-аналары 20 000 теңге берген екен", - деп жазады @egovpress.

0
0
229

Ерейментауда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Ішкі істер министрлігі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ айналысып келген синтетикалық есірткі өндіру және тарату арнасына тосқауыл қойды.ІІМ имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, шетелдік үш азаматқа қатысты трансұлттық ұйымдасқан топ құрғаны, оған басшылық жасағаны және қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғалған.Қылмыстық топтың мүшелері Ақмола облысы Ерейментау қаласының шетінде орналасқан, ұйымдастырушы сатып алған жеке үйде құрықталды. Онда күдіктілер психотроптық заттарды дайындап, сақтаған. "Топ мүшелерінің арасында рөлдер мен міндеттер нақты өзара айқындалған. Есірткі зертханасында салқындату, желдету жүйелері, сондай-ақ синтетика өндіру үшін арнайы жабдықтар болған. Есірткі жасырын түрде, қатаң құпиялықты сақтаумен дайындалған…

0
0
213

Министр қай аймақтарда су тасқыны болуы мүмкін екенін айтты

Күн жылыған соң еліміздің 10 өңірінде су тасқыны болуы мүмкін. Мұны бүгін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.

«Бүгінгі таңда елімізде ағымдағы су тасқыны жағдайы біршама тұрақталды. Қазгидрометтің ақпан және наурыз айларының соңына болжамына сәйкес, республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде тәулігіне айлық нормамен мол жауын-шашын түсуі мүмкін. Осыған байланысты 10 өңірдің елдімекендерін, оның ішінде Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында тау суларының ағыны салдарынан су басу қаупі бар», - деді ол.

Сондай-ақ министр Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында қардың көп еруіне байланысты су тасқыны қаупі бар екенін жеткізді.

0
0
220

Бектенов: «Жұмыс тәсілі өзгермесе, жауапты тұлғаларға қатаң шаралар қолданылады»

Сейсенбі, 20 ақпанда, Қазақстан Үкіметінің отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2024-2025 жылдары 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектепті, оның ішінде биыл 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте 163 мектеп (44%) ауылдық жерлерде салынбақ.Бұл оқу нысандары заманауи құралдармен жабдықталатын болады. Бастауыш және жоғары сыныптар үшін оқу кабинеттері, санитариялық тораптары және спорт залдары бар жеке блоктар қарастылырып отыр. Мектептерді заманауи техникалық құралдарды енгізу және күзетті күшейту есебінен жоғары деңгейдегі қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдары мен…

0
0
225

Шымкентте тұрғын қомақты көлемде жалған доллар сатпақ болған

Шымкентте дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған азамат сотталды.

Фото: golos-naroda.kz

Бұл дерек бойынша қылмыстық істі Қаржылық мониторнг агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті тергеген.

"Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", — делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырып отыр.

0
0
181

«Президент болса деп едім». Юрий Шевчук Астанада Навальныйға арнап ән айтты

Ресейлік ДДТ рок-тобының көшбасшысы Юрий Шевчук Астанада концерт өткізді. Ол өзінің танымал әндерінің бірі – «Свободаны» Алексей Навальныйдың рухына арнап айтты. Шевчук әнді орындар алдында залға қарата сөз сөйледі.«Бізге, ресейліктерге, еркіндік туралы айтып жүретін Алексей Навальный қайтыс болды. Ол еркіндік туралы жақсы айтты. Біз бәріміз өте жақсы мағынада еркін бола алатынымызды атап өтті. Ол еркіндіксіз сенім табынушылық екенін айтты. «Еркіндіксіз еңбек – құлдық. Арзан, ауыр құлдық. Еркіндіксіз махаббат – озбырлық» деді. Еркіндіксіз ештеңе болмайды. Бәрі қара түнек болып кетеді», – деді әнші.  Шевчук бұрын саяси мақсатта қамалғандарды, соның ішінде Алексей Навальныйды да қолдап сөз сөйлеген. Ол тіпті болашақта Навальныйды Ресей президенті ретінде көргісі келетінін айтты.Ай…

0
0
201