Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Елімізде соңғы алты айда 36 қаржы пирамидасы анықталған

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы бойынша «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы іске қосылды. Басты мақсат - алаяқтық жобалардың өмірлік циклын және оларға тартылған салымшылар санын қысқарту.IT құралдарын пайдалана отырып, қаржы пирамидаларының құрылған сәтінен бастап, ерте анықтау үшін әлеуметтік желілерге талдау жүргізілуде.Ағымдағы жылы бұғаттауға 600 мың адам аудиторияны қамтыған, мыңға жуық қаржы пирамидаларының белгілері бар сайттар мен шоттардың сілтемесі жіберілді.Тек соңғы алты айда интернет желісінде 36 қаржы пирамидасы анықталды.Олар бойынша «WhatsApp», «Telegram» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде 200 чат анықталған. Бүгінгі таңда 182 чат бұғатталды. Осылайша, 126 мың азаматтың одан әрі қаржылық…

0
0
196

СҚО-да екі оқушы зейнеткерді өрттен құтқарды

undefined

СҚО Шағалалы ауылында көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт болды. Өрт алаңы 1 ш.м. Өрт ерікті өрт құралымының күштерімен жойылды.
Өрт болған жерге өрт сөндірушілер келгенге дейін Чаглин орта мектебінің 16 және 17 жастағы оқушылары 68 жастағы азаматты құтқарды.
Өрттің себебі - жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

0
0
221

Алматыда бүгін-ертең Наурыз мейрамы аталып өтетін жерлер

Алматыда 21-22 наурызда Ұлыстың ұлы күнін қай жерлерге барып тойлауға болады?Фото: lbk.ru-Наурыз мейрамындағы мерекелік концерттер бірнеше локацияларда өтеді: 21 наурыз күні сағат 11:00-де «НАУРЫЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ» мерекелік концерті Астана алаңында өтсе, 21 наурызда сағат 11:00-де Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аумағында және 21 наурыз күні сағат 12:00-де Абай атындағы алаңда (Республика Сарайының алды), сондай-ақ 21-22 наурызда Астана алаңында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін танымал әртістердің қатысуымен концерттер өтеді.Сонымен қатар, 21-23 наурыз аралығында Арбатта (Панфилов-Жібек жолы көшесі) Наурыз мейрамына арналған ойын-сауық-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.Наурыз мейрамын мерекелеу аясында Алматыда жоспарланған мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен түрлі ко…

0
0
317

Бүгін - Ынтымақ күні

Елімізде бүгін 21 наурызда Наурызнама аясында Ынтымақ күні аталып өтіп жатыр. Бұл күннің идеясы – халықтың бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау.

0
0
250

10 жылдай іздеуде болып, ірі алаяқтық үшін ұсталған күдікті БАӘ-ден экстрадицияланды

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды. Бас прокуратура мен Ішкі істерминистрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істерминистрлігінің көмегімен күдікті «Ш»-ны аса ірікөлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстықжауаптылыққа тарту мақсатында Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады. Ол 2010 жылы танысын алдау жолмен банктік несие алу үшін кепілдік беруші ретінде әрекет етуге көндірген және ақша қаражатын алғаннан кейін жасырынып, жәбірленушіге 260 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, 10 жылдай халықаралық іздеуде болған. Өткен жылдың соңында ол Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны…

0
0
234

Белгілі жазушы Медеу Сәрсеке қайтыс болды

ӨМІРДЕН КІМ ӨТКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?2024 жылғы 20 наурызда жазушы, драматург, аудармашы, Халықаралық ақпарат академиясының академигі Медеу Сапаұлы СӘРСЕКЕ 88 жасында өмірден өтті.Медеу Сәрсеке 1936 жылғы 2 қаңтарда Абай облысы Абай ауданының Қайнар ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Алматы кен-металлургия институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінен бастап, біраз уақыт жұмысшы жастар бөлімін басқарды. 1959 жылы Семей цемент зауытына ауысып, қатардағы инженерден техникалық бөлім бастығына дейінгі қызметтерді атқарды. 1963 жылы Өскеменде «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің меншікті тілшісі болып істеді. Ал 1965 жылдан бері әдеби жұмысқа біржола ауысып, Қазақстан Жазушылар одағының Семей…

0
0
618

Көкшетауда мүгедектерге арналған 2000-нан астам зат қайтыс болғандарға берілген

Көкшетау қаласының прокуратурасы мүгедек адамдардың құқықтарын қорғады.

undefined

Фото: arasha.kz

Прокурорлар мүгедек адамдарды техникалық көмекші құралдармен және түрлі қызметтермен қамтамасыз ету кезінде заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді.

Талдау арқылы қайтыс болған адамдарға 2 млн теңгеге 2000-нан астам гигиеналық құралдар, мүгедек арбалары  және басқа да жеке құралдар берілгені анықталды (балалары қабылдаған).

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша арнайы қаражат мемлекет меншігіне қайтарылып, кейіннен мұқтаж мүгедектерге бөлінді.

Ақмола облысының прокуратурасы

0
0
235

Алматыда кәмелетке толмаған жүргізуші ірі жол апатына себепкер болды

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында бірнеше көлік соқтығысып қалды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәлімет бойынша, жол апаты кеше кешкі сағат 21.00-де Бостандық ауданында болған.

"4 көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Camry көлігінің 17 жастағы жүргізушісінің кінәсінен жол апаты болды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек Бостандық ауданының полиция басқармасында тіркеліп, өндіріске қабылданды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

0
0
301

Шымкентте коллектор апатынан баспанасы бүлінген зейнеткерге үйдің кілті берілді

Шымкент қаласының басшысы Ғабит Сыздықбеков коллектор апатынан баспанасы бүлінген зейнеткерге үйдің кілтін табыстады. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.Өткен жылдың қараша айында Еңбекші ауданында Қамысты көшесіндегі кәріз құбыры жарылған болатын. Соның салдарынан Ахмет Мәметов көшесінде орналасқан 4 тұрғын үйдің аумағы мен балабақша ауласы су астында қалды. Апаттан зейнеткер Людмила Панкратованың үйі айтарлықтай зақымданды.Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков су басқан аумақтың тұрғындарымен арнайы кездесіп, мәселемен танысқан еді. Осы орайда «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС компаниясының басшылығы баспананы қайта қалпына келтіруді жауапкершілігіне алды. Сонымен қатар, компания жалға алу құнын өтеп, үй тұрғындарын уақытша пәтерге көшірді. Бүгін қала басшысы кезекті аралау барысында Людм…

0
0
376